Теңгізде мұнай өндірісінің ұлғаюы қазақстандықтарға ешқандай пайда әкелмейді
Фото: Pixabay
2025 жылы мұнай өндірудің ұлғаюына байланысты Қазақстан мұнай өндірушілер мен экспорттаушылар ұйымы (ОПЕК) алдындағы міндеттемелерін бұзуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекет мұнай экспортын ұлғайтқанымен, одан пайда көрмеуі ықтимал. Бұл туралы Halyk Finance сарапшылары мәлімдеді.
Қаржыгерлердің айтуынша, биыл Теңіз кен орны есебінен мұнай өндіру артуы мүмкін. Бұл елге үлкен табыс әкелетіндей көрінгенімен, керісінше болуы да ықтимал. Себебі нарықтағы ұсыныстың артуынан мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр. Яғни, Қазақстан мұнай өндірісін ұлғайту үшін сәтсіз уақытты таңдаған болуы мүмкін.
«Жылдың ортасында Теңізде өндіру көлемін толыққанды ұлғайту жоспарда тұр, бұл экспорттың одан әрі өсуіне әкеледі. Осыған байланысты ел ОПЕК+ шеңберіндегі міндеттемелерін орындай алмауы мүмкін. Дүниежүзілік Банктің болжамына сәйкес, мұнайдың артық жеткізілуіне байланысты 2025 жылы шикізаттың әлемдік бағасы соңғы бес жылдағы ең төменгі деңгейге дейін төмендеуі мүмкін», – деді Halyk Finance сарапшысы Санжар Қалдаров.
2026 жылы мұнай бағасының төмендеуі мүмкін, ал нарықтағы ұсыныс 1,2 млн баррельден асуы ықтимал. Сондықтан сарапшылар шикізаттық емес тауарлар экспортын дамыту қажет деп есептейді, әсіресе жоғары технологиялық өнімдерге басымдық берген жөн.
Теңізден түскен табыс Қазақстан мен ОПЕК+ арасындағы қарым-қатынасқа әсер етпейді, себебі олардың байланысы онсыз да шиеленіскен.
Ал сыртқы сауда балансына келсек, сарапшылар биыл Қазақстан шетелден көп тауар импорттайды деп болжап отыр. Ал инфляция Ұлттық Банктің мақсатты деңгейінен әлдеқайда жоғары болуы мүмкін.
«Болжам бойынша, инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты 2025 жылы елдегі импорт көлемі артуы ықтимал. Ұлттық Банктің болжамына сәйкес, 2025 жылдың соңына қарай жылдық инфляция 10-12% деңгейінде болуы мүмкін», – деді Санжар Қалдаров.
Сарапшылардың мәліметінше, қаңтар айында Қазақстандағы экспорт көлемі жылына 13,6%-ға артып, 5,1 млрд долларға жетті. Ал импорт көлемі 5,8%-ға қысқарып, 4 млрд доллар болды.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады