Темірден азық маңызды: утиль алымы төлемдерін фермерлерге аудару ұсынылды
Коллаж Orda.kz
Сенат депутаты Әли Бектаев қалдықтарды жинаудан түскен қаржының бір бөлігін – «Жасыл даму» серіктестігінің шоттарынан ауыл шаруашылығы саласына көмек ретінде аударуды ұсынды.
Сенатор Қазақстанның аграрлық секторындағы жағдайға алаңдайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, алдағы жыл әсіресе ел диқандары үшін қиын болады. Құрғақшылық cалдарынан минералды тыңайтқыштар мен пестицидтердің қымбаттауы салаға кері әсерін тигізеді. Бұл ретте Ресейге салынған санкцияларға байланысты Ресейден Қазақстанға жеткізілетін азық-түлік көлемінің артуы мүмкін.
Сондай-ақ ол тиісті мемлекеттік органдардың бұл бағыттағы жұмысын жеткіліксіз деп атады. Олар субсидиялау ережелерін 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін ғана дайындайды. Ал, әсіресе, еліміздің оңтүстігіндегі диқандардың жұмысы дәл осы уақытта «қайнап» жатуы керек.
«Жанар-жағармай, минералды тыңайтқыштар және сумен қамтамасыз етуге қатысты негізгі мәселелердің ешқайсысы шешілген жоқ. Дегенмен субсидиялардың мөлшері мен түрлерін, оларды бөлу тәртібін өзгерту жоспарлануда. Агроөнеркәсіптік кешен тәжірибе алаңы емес. Онда. керісінше, ауыл шаруашылығына, әсіресе биылғы жылы қосымша қолдау көрсету қажет. «Жасыл даму» шотынан жиналған 200 млрд теңгенің бір бөлігін ауыл шаруашылығы саласын дамытуға жақсырақ бағыттау керек. Көлікке қарағанда халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету маңыздырақ» деді Әли Бектаев Сенат отырысында.
Сондай-ақ ол Қазақстанда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін ең қажетті минералды тыңайтқыштардың бағасы күрт өскенін атап өтті. Мәселен, 2021 жылдың қаңтарында «ҚазАзот» АҚ өндірген аммиак селитрасының тоннасы 81 мың теңгені құраса, желтоқсанда оның құны 200 мың теңгеге, яғни 2,5 есеге өсті.
Су тапшылығы бар
«Қазфосфат» АҚ өндірген аммофостың бағасы осы кезеңде екі есеге өсіп, 207 мың теңгені құрады. Сенатор еліміздегі минералды тыңайтқыштардың бағасы мен экспортын реттеу бойынша қатаң шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Қатаң реттеу, сенатордың пікірінше, су тарифтерін белгілеу саласында да солай болуы керек.
«Жыл басынан бері су тапшылығы сезілуде. Оңтүстік өңірлердегі шаруалар үшін биылғы жыл экономикалық жағынан да, әлеуметтік жағынан да қиын болмақ. Сонымен қатар, сумен қамтамасыз етуді субсидиялау мәселесі әлі шешілген жоқ. Осыған қарамастан, Казводхоз суару құнын 2,5 есеге өсірді. Себебі, шетелдік қаржы институттарынан алған несиені қайтаратын кез келді» деп қосты Бектаев.
2022 жылдың климаттық ерекшеліктер мен індетті ескере отырып, Үкімет, депутаттың пікірінше, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді сумен қамтамасыз ету және оның бағасын төмендету бойынша нақты шаралар қабылдауы керек. Қажет болған жағдайда шетелдік қаржы институттарымен келіссөздер жүргізіп, несиелерді қайтару шарттарын қайта қарау ұсынылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық