Темір арбаға түскен таңба: Астанадағы жаңа LRT вагондарына граффити салынды

cover Фото: myastanacity.

Назарбаев әуежайы маңындағы LRT станциясында тұрған жаңа вагондарға белгісіз адамдар граффити салып кеткен, деп хабарлайды Orda.kz.

City Transportation System (CTS) компаниясы бұл вандализм әрекетін растады. Құқық қорғау органдары аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғаған.

CTS өкілдерінің мәлімдеуінше, вагондар арнайы қорғаныш қабатымен қапталған. Бұл жабын бояудың негізгі қабатқа сіңуіне жол бермейді. Қазіргі уақытта жазуларды өшіру жұмыстары басталып кетті.

Еске салайық, маусым айының басында Астанадағы әуежай маңындағы станцияда алғашқы LRT вагондары рельске қойылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар