Телефон қуаттағыш жарылды: Америкалық ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды
Фото: Travel.news
Кеше, 22 ақпанда Alaska Airlines әуе компаниясының Уичито қаласынан Сиэтл бағытына ұшқан рейсінде жолаушының литий-ионды қуаттағышы өртеніп, ұшақ шұғыл қонды, деп хабарлайды Orda.kz Kake News сайтына сілтеме жасап.
Embraer 175 ұшағында барлығы 76 жолаушы болған. Жолаушылардың бірі телефонын литий-ионды сыртқы батарея арқылы қуаттап отырған кезде құрылғы аяқ астынан жарылып кеткен. Жалын шамамен 30 сантиметрге дейін көтеріліп, құрылғы иесінің қолы мен аяғы күйіп қалған. Батареяны жолаушылар аяқкиіммен басып сөндірген. Кейін бортсеріктер келіп, өрт сөндіргішпен жалынды толық өшірген. Алайда салонда қою түтін пайда болған. Төтенше жағдай жарияланып, ұшақ сағат 14:51-де аман-есен қонды.
Әуежай өкілдерінің мәліметінше, үш жолаушы медициналық тексеруден өтіп, бір адам жергілікті ауруханаға жеткізілген. Әуе компаниясы жолаушыларды Сиэтлге басқа рейстер арқылы жеткізу жұмыстарын жүргізген.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Түркістандағы колледж жатақханасында дау шықты
- Телефон қуаттағыш жарылды: Америкалық ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды
- Президент Astana Team балалар хоккей құрамасын құттықтады
- Тоқаев Питер Фостермен АҚШ-қа тікелей әуе қатынасын ашу мәселесін талқылады
- Референдумға арналған бюллетень үлгісі жарияланды
- Орыс православие шіркеуінің бұрынғы қызметкері Иаков Воронцов тағы ұсталды
- Қазақстандықтар «әдемі» автонөмірлерден ақшасын аямады: Бюджетке қанша кіріс кірді?
- Тоқаев Грузияның ішкі істер министрін қабылдады
- Түркістан халықаралық әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
- Ким Чен Ын беделді лауазымына қайта сайланды
- Қазақстан үшінші бітімгерлік контингентін Голан жоталарына жібереді
- Енді төлқұжат пен жүргізуші куәлігін ХҚКО бермейді
- 2026 жылғы Олимпиада мәресіне жетті: Қазақстан жалпыкомандалық есепте қай орында?
- Шығын – 95 млн теңге. Шымкентте бірнеше адамды алдап кетті деген күдікті Түркиядан экстрадицияланды
- Мексикада ең ірі есірткі ұйымының жетекшісін өлтірді: Елде не болып жатыр?
- Көкшетауда алаяқтар ЖОО оқытушысын тақырға отырғызып кетті
- АҚШ президенті резиденциясын торуылдаған 20 жастағы жігіт оққа ұшты
- Алматыда 28 жастағы жігітті қар көшкіні басып қалды
- АҚШ алдағы күндері Иранға соққы жасауы мүмкін
- «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаев 2026 жылы 10-нөмірмен ойнайды