Тәжікстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді
Фото: Тәжікстан ТЖК
Сарыағашта су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек тапсырылды.
Тәжікстан билігінің хабарлауынша, гуманитарлық жүкті Төтенше жағдайлар комитетінің басшысы Абдухалим Назарзода өзі тапсырған. Ол өз сөзінде президент Эмомали Рахмонның тапсырмасымен қазақ халқына көмек көрсетілгенін атап өтті. Қазақстан төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары Тәжікстанға алғысын білдірді.
«Дүшанбе мен Худжандтан азық-түлік, ауыз су, құрылыс материалдары мен үйлердің шатырын жабатын гуманитарлық көмек жөнелтілді. Жалпы салмағы 3,5 мың тонна болатын 61 вагон мен 13 жүк көлігі жөнелтілді» делінген Тәжікстан ТЖК мәлімдемесінде.
Еске салайық, 12 наурызда Қазақстанның Душанбедегі елшісі Уәлихан Төреханов тәжік тарапына 15 мың тонна мазут алу сертификатын тапсырған болатын. Жанармай Тәжікстанға гуманитарлық көмек ретінде жөнелтілді.
Жаңалықтар
- Конькимен жүгіруші Елизавета Голубева Олимпиада финалына жолдама алды
- Депутат Қазақстанда онлайн несие алудағы өзгерістерді түсіндірді
- Тағы да Талғар: Ғалымжан Шерзатұлы 53 күннен кейін қайта жерленді
- Қарағандыда дроперлікке банк шотын берген студенттер жауапқа тартылды
- Жүк көлігі үйге соғылып, жүргізуші кабинада қысылып қалды
- Олимпиада-2026: Қазақстан құрамасы шаңғы акробатикасынан жетінші орын алды
- АҚШ Жоғарғы соты Трамп енгізген жаһандық баж салығының көбін заңсыз деп таныды
- Меркель құралақан қалды, Мерц қайтадан ХДО партиясы төрағасы болып сайланды
- Бозжыра шатқалы әлемдегі ең көрікті шөлдердің ондығына енді
- ҚР ІІМ Күзет қызметін бақылау комитеті төрағасы болып Дархан Молдаханов тағайындалды
- Жапаров досына не үшін ренжіді: Қырғызстан ҰҚК беделі түсіп кетті
- Олимпиада-2026: 21 ақпанда Қазақстан атынан кімдер жарысқа шығады
- Голан төбесіндегі қазақстандық бітімгерлер БҰҰ медалімен марапатталды
- Ресейлік Су-30 жойғыш ұшағы Атырау әуежайында не істеп жүр?
- World Boxing Organization Жәнібек Әлімханұлына бір жылға жарысқа қатысуға тыйым салды
- Ильхам Әлиевтің күзеті наразы топпен қақтығысты: Елшілік түсініктеме берді
- Қайрат Нұртас Денис Теннің анасына ілтипат білдірді
- Михаил Шайдоров пен командасын дайындауға 263 миллион теңге жұмсалды
- Қазақстандықтардың Оңтүстік Кореядан ерікті түрде шығатын мерзімі ұзартылды
- Қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар сабаққа кірмейді