«Таза ауа жұтқың келсе - тауға шық»: алматылықтарға арналған жаңа экосаясат
Фото: Orda.kz
Әкімдік «Ауа атмосферасын қорғау бойынша арнайы экологиялық талаптар енгізу туралы» жоба ұсынды. Құжат мегаполистің болашақ экосаясатына негіз болуы тиіс, деп хабарлайды Orda.kz.
Жария талқылаулар осы жылдың тамыз айында өтті.
Қалалық экология басқармасының мәліметінше, Алматыдағы барлық шығарындылардың 60% -ы бүгінде автокөліктерге тиесілі. Қалғандарының барлығы - жеке сектор, өнеркәсіптік кәсіпорындар, монша, кәуап, қоғамдық тамақтану, құрылыс нысандарына тиесілі.
Жаңа жоба ластану деңгейін кезең-кезеңмен төмендетуді ұсынады. Шаралар қатарында - зиянды қалдықтардың стационарлық көздерін жаңғырту, отынның экологиялық түріне көшу және басқалары бар.
Ал алматылықтардың өздері қалада таза ауа тапшы екенін мойындайды.
«Таза ауамен тыныстау үшін тауға шығуға тура келеді» деп жазды«Таза ауа аймағы» жобасы аясында пікіртерімге қатысқандар.
2022 жылы Алматыдағы Ғылым академиясы ғимаратының алдында өткен «Таза ауа үшін» митингісі өтіп, оған 200-ге жуық адам жиналған еді:
Фото: 2022 жылғы мұрағаттан.
2024 жылы түтін тұмшалаған Алматы туралы Қанат Бейсекеевтің жаңа фильмі жарық көрді.Қаланың жоғарғы бөлігінің тұрғындары салыстырмалы түрде таза ауамен дем алса, төменгі бөлігінде жағдай әлдеқайда нашар. Бұл фильм Алматы тұрғындарына ғана арналмаған, өйткені сапасыз ауа еліміздің басқа аймақтары үшін де өзекті мәселе.
Жаңалықтар
- Белгілі әнші Ернар Айдар жаңа көлігімен мақтанамын деп айыппұл арқалады
- Талдықорғанда сұйытылған газ тиелген цистерналар рельстен шығып кетті
- Биылғы 1 ақпаннан бастап көп қабатты тұрғын үй құрылысына талап күшейтілді
- Еліміздің 12 қаласында ауаның ластануы жоғары
- Павлодарда салынып жатқан құны оншақты миллиард болатын көпірде өрт шықты
- Атырауда «жасыл белдеуді» құрылыс салу үшін берген ауыл әкімі қызметінен кетті
- Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңіп, Australian Open-2026 жүлдесін иеленді
- Конституцияның жаңа жобасында экс-президенттердің өміріне қолсұғылмаушылық сақталған
- Теңіздегі мұнай өндіру қайта жанданып, қалыпты жұмыс басталды
- «Ұлттық қор – балаларға» қаражаты инвестиция арқылы өсе береді
- Прокуратура қыздар университетінің ғимаратын өзіне қайтарды
- 600 миллион теңгеге жөнделген Шнайдер көпірінің қирауы: ШҚО әкімі пікір білдірді
- ЕЭК Кеңесінің алғашқы отырысында Қазақстан өз басымдықтарын айқындады
- Ұлттық банк валюталық реттеу қағидаларына ауқымды түзетулер ұсынды
- Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды
- Құлсарыда жеті жасар қызды азаптап өлтірген қылмыскер өмір бойына қатаң режимдегі түрмеге тоғытылды
- Қаржы министрлігі: жасанды зерде тендердегі ұрлыққа жол бермейді
- Қазақтелеком қажеттілігіне миллиардтаған юань қарыз алды
- «Дамытудың» ақыры – дау: Алматыда 300 отбасы үйірме ақшасын қайтара алмай отыр
- Ақтөбе облысында келінін зорлаған қайын ата 8 жылға сотталды