Тараздағы жарылыста көз жұмған 3 адамның жеке басы анықталды

cover Әуесқой түсірілім

Тараздағы жарылыстардан зардап шеккен тағы үш адамның жеке басы анықталды. Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, олардың денелері бұрын өрт шыққан оқ-дәрі қоймасынан табылған.

Барлығы Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері:

  • 1-ші арнайы өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі, аға сержант Қуатбек Гафан Жомартұлы, 1995 ж.т.
  • 4-ші өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі, сержант Әділбек Әділет Қанатбекұлы, 1987 ж.т.
  • 4-ші өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі, қатардағы жауынгер Кеңес Әліби Бексұлтанұлы, 1999 ж.т

Еске салсақ, 26 тамызда Тараздағы әскери бөлімдердің бірінде сағат 19:00 шамасында инженерлік оқ дәрілер қоймасы жарылып, қатарынан 10-ға жуық жарылыс болған.

100 шақты адам зардап шеккен. Оның 49-ы ТЖМ қызметкерлері. Қазіргі таңда 15 адам қайтыс болған. 1 адам жоғалып кеткен.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар