Таразда мәслихат депутатының не үшін соққыға жығылғаны белгілі болды
Фото: Instagram/ nureke_altynbekovih
Кеше, 13 сәуір күні Тараз қаласында Алматы облысы мәслихатының депутаты соққыға жығылды. Депутаттың мейрамханадағы қонақтардың бірімен жанжалдасқаны белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Айта кетейік, Таразда белгісіз адам депутат әрі заңгер Нұрлан Байғазиевті кастетпен ұрып, жақ сүйегін сындырған еді. Екі ер адамның қақтығысы бейнеге түсіп қалған. Бейнеде ашулы ер адам депутатты елдің көзінше ұрып-соққанын көруге болады. Жанжалға телефон қуаттағыш себеп болған. Депутат ерлі-зайыптылар отырған үстелге жақын жерде телефонын қуаттап алмақшы болады. Алайда оның іс-әрекеті әйелге ұнамай, балағат сөздер айтқан. Кейін сақалды ер адам да депутатқа оқталып, ерегісе жөнеледі. Депутаттың сөзін көтере алмаған ер адам меймандардың көзінше депутатты ұра жөнелген.
Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, Нұрлан Байғазиев ауруханаға жатудан бас тартты. Күдікті ұсталды.
Жәбірленуші Нұрлан Байғазиевтің айтуынша, ер адам оны ұрғанымен қоймай, басы мен денесін тепкілеген. Оқиға орнына полицейлер келіп, бәрі полиция бөлімшесіне барады. Сол жерде депутат өзін нашар сезініп, аруханаға жеткізілген. Ал күдікті босатылған. Ауруханада жүргенде Байғазиев полицейлерді қайта шақырады. Алайда олар 3-4 сағаттан кейін бірақ келген. Сонымен қатар ауруханаға депутатты ұрған ер адам достарымен бірге келіп, Байғазиевті қорқытқан. Ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Депутат алған жарақатын Алматыда емдемек болып, Жамбылдағы ауруханаға жатудан бас тартты.
Еске салайық, Жамбылда 68 жастағы ер адам немересін зорлады деген күдікке ілінді.
Жаңалықтар
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады
- Эвакуация басталғалы Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды
- Ормуз бұғазы арқылы бір литр де мұнай өтпейді — Иран