Тамыздың соңынан бастап 103 ковид орталығы жабылған

cover

Денсаулық сақтау министрлігі таратып жатқан соңғы ақпараттарға сәйкес қазіргі таңда Қазақстанның бірнеше аймағында эпидахуал жақсарып келе жатыр. Осыған байланысты 103 ковид орталығы жабылды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой орталықтардың жабылғаны туралы өз facebook парақшасында жазды.

― Эпидахуалдың жақсаруына байланысты, осы жылдың 25 тамызынан елді-мекендердегі ковид орталығы есебінде көмек көрсеткен 103 нысан (33 465 төсек-орын) жабылды. Қажет болған жағдайда аталған төсек-орындар резервті түрде қолданылатын болады.

Еске салайық, соңғы тәулікте 1707 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар