Талғат Шаяхметов ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы болды

cover Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтың бұйрығымен полиция полковнигі Талғат Шаяхметов Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Polisia.kz мәліметінше, полковник Шаяхметов ішкі істер органдарында 27 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Ол криминалдық полиция, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және өзіндік қауіпсіздік бағыттарында қызмет атқарған. Талғат Шаяхметов жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Министр Ержан Сәденов оған профилактикалық жұмысты күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, антқа адал емес қызметкерлерді дер кезінде жұмыстан босату қажет екенін айтты.

Айта кетейік, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желіде өзіне қатысты тараған ақпаратқа нүкте қойды. Министр педагогикалық еңбек өтілінің 20 жылдан асатынын айтты.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар