Талғар қаласында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

cover Фото Orda.kz

16 жасар Шерзат Болаттың үйін өртеп жіберген соң қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау үшін Талғар қаласына кіреберістен бастап барлық көшелерге патрульдік қызметкерлер тартылды, деп хабарлайды Orda.kz.

«Қазіргі уақытта Алматы облысының Талғар қаласында қоғамдық тәртіпті қорғау мақсатында патрульдік қызметкер ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының әскери бөлімінің жеке құрамы тартылды»,  деп хабарлады ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 4 қазанға қараған түні Талғарда «Камажай» дүкенінің жанында 16 жастағы Шерзат Болатты өлтіріп кетті. Шабуылдаушылар полиция келгенге дейін қашып үлгерген, келесі күні жеті күдікті ұсталды.

Қайғылы оқиғадан кейін көп ұзамай тұрғындар ашық сот пен кінәлілердің барлығын жазалауды талап етіп, митингке шықты. 12 қазанға қараған түні Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылында қаза тапқан баланың отбасының үйі өртеніп кетті.

Қайғылы оқиғалардың толық хронологиясын Orda.kz тілшілерінің материалдар сериясынан оқи аласыз.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар