Тағы бір «Кайрат» футболшысы Салим Хасанов Испаниядағы «Вильярреалға» ауысты

cover Фото: Салим Хасанов

Қазақстан U-15 құрамасының шабуылшысы Салим Хасанов «Леванте» академиясынан «Вильярреалға» өтті, деп хабарлайды Orda.kz.

BorodAbata.kz (AS News) мәліметінше, футболшыға «Валенсия» да қызығушылық танытқан екен. Алайда  «Вильярреал» белсенділік танытып, Хасановты сатып алып қана қоймай, оған арнайы  стипендия тағайындапты. 

«Қазір Салим өз қатарластарымен командада ойнайды. Егер жаттықтырушылар сенім білдірсе, бір жас үлкен құрамға көшуі мүмкін», — деді футболшының әкесі.

Еске сала кетейік, Испанияға ауысар алдында Салим Хасанов Алматының «Кайрат» клубының U‑14 жастар құрамасында ойнады. Онда Хасанов негізгі шабуылшы ретінде танылып, жас лигада 20 гол соғып, үздік бомбардир атағын алды.

«Леванте» құрамында тек 17 жастағы Шыңғыс Қалиев пен Алдияр Нұрғали қалды. Ал Дастан Сәтпаев 2026 жылы «Челси» клубына ресми түрде ауысады. 

Еске сала кетсек, «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы матч билеттері 20 қыркүйек күні сатылымға шығады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар