Түркістан облысы: Ауғанстаннан келіп, заңсыз жүрген мигранттар ұсталды

cover Фото: Тимур Батыршин / РИА Новости

Екі қазақстандық азамат заңсыз көші-қон жұмыстарын ұйымдастырған. Олар Ауғанстанның үш азаматына шекарадан өтуге көмектескен.

Бұл туралы Orda.kz Түркістан облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды

Белгілі болғандай, Түркістан облысына келген ауған мигранттары Өзбекстан арқылы келген.

- Қазіргі уақытта шетел азаматтарының шекараны заңсыз кесу фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, іс бойынша екі жергілікті тұрғын тергелуде. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын және күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтайды, - делінген хабарламада.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарға заңсыз әрекеттер мен шекараны заңсыз кесу үшін қылмыстық жауапкершілік арқалайтынын ескертеді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар