Түркі елдерінің саммитінде қандай мәселе сөз болады?

Бүгін, яғни 31 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 17:00-де онлайн форматта Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті өтеді.
«Бейресми саммитті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ашып, жүргізеді. Жиынға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбан, Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әмреев қатысады.
— Жиын барысында бауырлас мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтастық және оны одан әрі дамыту мәселелері талқыланады. Саммит қорытындысы бойынша түркі елдерінің мәдени құндылықтарына және Кеңестің мәртебесіне қатысты Декларация қабылданады деп жоспарланып отыр, деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли ресми парақшасында.
Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әмреев анкаралық AnadoluAjansı басылымына берген сұхбатында саммит коронавирустың жаңа түрінің пайда болуына байланысты онлайн форматта өтетінін мәлімдеді.
Естеріңізге салып өтейік, бүгін Қазақстанда өтетін саммит бейресми түрде өтеді. Ал Түркітілдес халықтардың ресми саммиті күзде Стамбулда өтеді. Ресми саммитке Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан көшбасшылары мен Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан мен Түркіменстан тарапынан бақылаушы елдер ретінде өкілдер қатысады деп жоспарлануда.
Түркі кеңесінің бас хатшысы Б. Әмреев:
—Көшбасшылар бейресми саммитте бүгін алғаш рет Қарабақтағы жеңістен кейін бас қосады. Бұл жиында Әзербайжан еліне қатысты мәселелер қаралатыны сөзсіз. Содан болса керек, онлайн форматта өтетін бұл бейресми саммиттің маңыздылығы артып отыр. Ал Түркілер әлемінің тұтастығын бекіту, соған күш салу үшін бұл саммит расымен де маңызды саналады,- дейді.
Сонымен қатар Қазақстандағы Түркістан шахары Түркі әлемінің рухани астанасы болатыны да бүгінгі бейресми саммиттің күнтәртібінде қаралатынын жеткізген Әмреев:
Түркістан қаласының тұтас Ислам әлемі үшін де маңызды екені белгілі. Сонымен қатар Түркілер әлемінің Стамбул, Самарқан, Бұхара, Шуша, Баку, Алматы сияқты қалалары да болашақта ерекше мәртебеге ие болуы мүмкін. Бейресми саммит барысында көшбасшылар Қарабақты қайта қалпына келтіруге байланысты пікір алмасып, қолдау білдіріп, ортақ шешімге келуді жоспарлап отыр. Сәуір айының соңында Қарабақтағы жеке сектор мәселесіне қатысты Бакуде бизнес-форум өтеді.
Бүгінгі бейресми саммитте «Түркі кеңесінің 2020-2025 жылға арналған стратегиялық жоспары мен Түркі әлемі 2040 жылы» тақырыбы да қаралмақ. Түркітілдес елдердің арасында 2040 жылға қарай өзара жол картасы түзіліп, сыртқы саясатты күшейтіп, қауіпсіздік кепілдігін көрсететін мен еркін сауда, көліктер үшін шекараларды ашу мен Түркітілдес елдер арасында іскерлік қарым-қатынасты бекіте түсу жоспарлары да бүгінгі бейресми саммиттің күнтәртібінде.
Бағдат Әмреев бүгінгі бейресми саммитте қаралатын мәселелер алдағы күзде Стамбулда өтетін ресми саммитте құжат ретінде қабылданып, болашақта Түркі әлемі елдері арасында экономикалық, сауда келісімдері ортақ мүддеге қарай орайластырылады деген сенімде. Сонымен қатар Түркітілдес елдердің экономикалық қарым-қатынастарының қосалқы механизмдері талқыланып, елдер арасындағы транспорт тасымалдары мен Әзербайжан арқылы өтетін «жасыл дәліз» мәселесін жүзеге асыруды да бүгінгі бейресми саммит барысында талқылау жоспарланып отыр.
—Негізінен Түркі кеңесі Әскери-құқықтық көп жақты әріптестікті, экономикалық, саяси, ғылыми, мәдени, білім, экологиялық, энергетикалық,транспорттық, инвестициялық және қаржылық салаларды дамытуға барынша күш салады. Түркия бұған дейін де Түркітілдес елдердегі барлық саланы дамыту жұмыстарында белсенді рөл атқарғаны мәлім. Алдағы уақытта да Түркияның бұл елдердің өзара ынтымақтастығы мен бірлігі үшін қосатын үлесі зор боларына сенімдімін. Түркі Кеңесінің бұл жиынына бақылаушы-ел ретінде қатысуға ондаған мемлекет ұсыныс білдірді. Солардың бірі – Украина елі. Әзірге бақылаушы-ел мәртебесі Венгрия мемлекетіне берілді, - деді Бағдат Әмреев.
Алдағы уақытта Кеңестің құрамына бақылаушы-ел ретінде көптеген мемлекет кіруі әбден мүмкін.
Меруерт Хусаинова, Түркістан облысы
Жаңалықтар
- «Тарихи мұра»: Қазақстандағы көне таңбалар бар жерге Қытай компаниясы зауыт салады
- Қазақстан Ауғанстандағы теміржол құрылысына жарты миллиард доллар инвестиция салады
- Тілін кесті: Ақтөбеде саябақта тоқ соққан баланың анасы кінәлілерді жазалауды талап етті
- Азаматтыққа қабылдау үшін қазақ тілі мен тарихын білу талаптары өзгеруі мүмкін
- Наразылық пен балалардың үндеуіне қарамастан, Алматыдағы балалар үйі Қонаевқа көшірілмек
- Қызылордада полицияны басынған жасөспірімдер мен олардың ата-аналары жазаланды
- Алматы Сеулге айналды: Үнді фильмінің түсірілімі қаланың келбетін қалай өзгертті?
- Ректор болу үшін 200 мың доллар төлеген Айман Мұсақожаева алаяқтарға жем болды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- «Ем-домды карцерде жасады»: Денсаулығы нашарлаған Думан Мұхаммедкәрімнің түрме басшылығына жазғаны
- Тасмағамбетовтің күйеу баласы украиналық «БТА Банкті» сатылымға шығарды
- «Бір кереует 1,2 млн теңге»: Қызылорда облыстық инфекциялық ауруханасындағы былық ашылды
- «Азаттық радиосы» журналистері Сыртқы істер министрлігін сотқа бермек
- Алматы тауларында жоғалған ҚБТУ студентінің мүрдесі табылды
- Дикий Арманның сыбайласы Дубайдан экстрадицияланды
- Тоқаев Назарбаев айырылған лауазымға ие болды
- Ресейде тағы бір қазақстандықты «мемлекетке опасыздық жасады» деп 17 жылға соттады
- Алматы облысында 10 жастағы баланы иттен құтқарып қалған тұрғын марапатталды
- Назарбаев дәуірінің ізі: ҚТЖ-ның жаңа басшысы Талғат Алдыбергенов туралы не белгілі?
- Жамбыл облысының тұрғыны көмекке келген фельдшердің кеудесіне оқ атты