«Сүйіктісін өлтіріп, мәйітін қорлаған»: Шымкентте 19 жастағы жігітке үкім шықты

cover Фото: freepik.com

Шымкентте кәмелетке толмаған қызды өлтірді және оның денесін қорлады деп айыпталған 19 жастағы жігітке үкім шығарылды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Соттың мәліметінше, сотталушы 2024 жылдың наурыз айында әлеуметтік желі арқылы 17 жастағы қызбен танысады. Олар біраз уақыт сөйлесіп жүреді. 2025 жылдың 11 наурызында қыз жігітке қоңырау шалып, онымен қарым-қатынасын үзетінін айтып, оны әлеуметтік желілерде бұғаттап тастайды. Бұл сотталушыны ашуландырды. Ол қызды өлтіруге бел буып, пышақ сатып алады, көлік жалдайды. Келесі күні қызды қаланы аралап келуге көндіреді. Қызбен бірге қаланың шетіне шыққан жігіт оны пышақтап өлтіріп, денесін қорлайды.

Кейін жігіт қылмысын жасыру үшін өзінің кәмелетке толмаған танысынан көмек сұрайды. Олар денені сөмкеге салып жасырады.

Қызға қастандық жасаған жігіт 22 жылға, ал оның танысы 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Рақымшылық актісін ескере отырып, жаза 1 жылға 4 айға дейін шектелді.

Айта кетейік,  Шымкентте жастар театрының басшысы сыбайластарымен бірігіп қомақты қаражат жымқырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар