Сорбұлақта жоғалған тікұшақтың бөлшектері мен бір адамның денесі табылды
Фото: t.me/modgovkz
Алматы облысында жүргізілген іздестіру операциясы барысында Сорбұлақ су қоймасынан жоғалған тікұшақтың бөлшектері мен адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ресми дереккөздер.
Қорғаныс министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер министрлігі және басқа да мемлекеттік органдар «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ның қолдауымен спутниктік деректерді пайдаланып математикалық есептеулер жүргізіп, әуе кемесі болуы мүмкін аудан анықталған.
Аталған аймаққа іздеу топтары мен арнайы техника жіберілді. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, шамамен 14 метр тереңдікте әскери қызметшілер тікұшақтың бөлшектері мен бір адамның денесін тапқан. Қазіргі таңда марқұмды тану (опознание) жұмыстары жүріп жатыр.
«Су астындағы жұмыстар барысында Қарулы Күштердің әскери қызметшілері 14 метр тереңдікте әуе кемесінің фрагменттері мен адамның денесін анықтады. Қазіргі уақытта опознание жүргізілуде» деп жазылған ресми хабарламада.
Министрлік су астындағы көрудің шектеулігі мен лайлы тұнбалардың іздеу жұмыстарына кедергі келтіріп жатқанын нақтылады. Бұл жағдай водолаздар мен инженерлік бөлімшелердің жұмысын баяулатуда.
«Қиын жағдайларға қарамастан, барлық күштер үйлесімді және мақсатты түрде әрекет етіп, операцияны мүмкіндігінше тез аяқтауға тырысуда. Оқиға болған сәттен бастап, министрліктің басшылығымен барлық қажетті күш пен құралдар жұмылдырылып, тәулік бойы іздестіру-құтқару операциясы жүргізіліп жатыр» деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін вице-министр су қоймасының шамамен жарты бөлігі әлі толық зерттелмегенін, сондықтан іздестіру жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеген болатын.
Жақында жоғалған тікұшақты іздеуге Сорбұлақтағы штабқа қорғаныс министрі өзі барды.
Жаңалықтар
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты