Солтүстік Корея екінші күн қатарынан белгісіз снарядтарды ұшыруда — Оңтүстік Корея

cover Фото: freepik.com

Оңтүстік Кореяның Біріккен штаб бастықтары комитеті Солтүстік Корея екінші күн қатарынан белгісіз снарядтар ұшырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz РИА новости-ге сілтеме жасап.

Әскери өкілдер кезекті снаряд тіркелгенін айтты. Бірақ қосымша мәлімет бермеді.

«Солтүстік Корея белгісіз снарядты Жапон теңізі бағытына қарай ұшырды», деп хабарлады Оңтүстік Кореяның Біріккен штаб бастықтары комитеті. 

Әскерилердің дерегінше, бір күн бұрын да Солтүстік Корея Пхеньян маңынан белгісіз снаряд ұшырған.

Yonhap News-тің жазуынша, сейсенбі таңертең ұшырылған снаряд көп ұзамай радардан жоғалып кеткен. Бұл ұшудың сәтсіз болуы мүмкін екенін көрсетеді.

Айта кетейік, 31 наурызда Солтүстік Корея бағытына қарай ұшқышсыз ұшу аппараты ұшты. Кейін Ли Чжэ Мен ұшырылған дрондар оқиғасына байланысты кешірім сұрады. Корея Халық Демократиялық Республикасы орталық ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ким Чен Ын бұл қадамды адал әрі кең пейілді адамның әрекеті ретінде бағалаған. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар