Солтүстік Қазақстанда жол апатынан төрт адам қаза тапты

cover Фото: freepik.com

СҚО-да тас жолда болған жол апатынан төрт адам тіл тартпай кетті, деп хабарлайды Orda.kz. 

Жол апаты кеше, 8 қаңтар күні «Астана — Петропавл» автожолында болды. «Toyota Camry» және «Shacman» автокөліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы қаза тауып, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, «Toyota Camry» автокөлігі қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып, қарсы келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан.

«Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жылдамдық режимін бұзу, қарсы қозғалыс жолағына шығу және қауіпті маневрлар эауыр салдарға әкелуі мүмкін»,  деп хабарлады облыстық ПД.

2025 жылы СҚО аумағында 593 жол апаты тіркеліп, оның салдарынан 47 адам қаза тауып, 793 адам түрлі жарақат алған. 

Айта кетейік, Жамбыл облысында мерзімді қызметкердің жарақаттануына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар