СҚО-да өрт кезінде үш бала мен екі ересек адам қаза тапты
Фото: Pixabay.com
Солтүстік Қазақстан облысының Ступинка ауылында жеке үй өртенді. Өрттен бірнеше отбасы мүшелері қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.
Өрт туралы хабарлама бүгін түнде 112 пультіне түсті. Өрт сөндірушілер келген кезде үй толығымен жалынға оранды.
«Алдын ала болжам бойынша өртенген аумақ 104 шаршы метр болады. Газ балонының жарылуынан шатыр төбесі опырылды. Оқиға орнында ТЖД бастығы полковник Жомарт Асқаров жүр», деп өңірлік төтенше жағдайлар департаменті түсініктеме берді.
Өрт болған үйде әкесі мен оның төрт баласы тұрған. Тағы бір ұлы Петропавлда колледжде оқиды. Анасы бірнеше жыл бұрын қайтыс болған, әкесі балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған.
25 градусқа жететін қатты жел мен аяз өрт сөндіруді қиындатты. ТЖД аудандық бөлімнің қызметкерлері бірнеше ай бұрын Ступинка ауылында тұрғын үй секторын аралап шыққанын атап өтті.
Қайғылы оқиғаның себептері анықталуда.
Жаңалықтар
- Қасым-Жомарт Тоқаев Давос қаласындағы конгресс-орталыққа келді
- Үйге қамап, қонаққа кеткен: СҚО-да өрттен қаза тапқан қыздың анасы қамауға алынды
- Тақырып «Украина мәселесін реттеу» болмақ: Зеленский келіссөз үшін Швейцарияға келді
- Жамбыл облысындағы оқу-жаттығу жиындарынан кейін 22 жас спортшы ауруханаға түсті
- Ерлан Жетібаев Қазақстан СІМ ресми өкілі болып тағайындалды
- Теңіз кен орнындағы өртті тергеу үшін комиссия құрылды
- Отбасы банк жеңілдетілген ипотекаға кедергі болатын тұстарын алып тастады
- Қазақстан мен Франция заңсыз мигранттарды алмастырады
- Павлодардағы Halyk Bank бөлімшесін тонау ісі бойынша жаңа мәліметтер белгілі болды
- Астанада футболға Борат «бейнесінде» келген бельгиялық жанкүйерлер қамалды
- СҚО-да алты бірдей әкім қоқыс үйінділері үшін айыппұл төледі
- Қаскелеңде үзіліс кезінде аяқ астынан мектеп оқушысы қайтыс болды
- Өзбекстанда ту түстес көйлек киген модель жазаланды
- Нұрайдың шағымын елемеген полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Трамп: АҚШ Венесуэладан 50 млн баррель мұнай алып үлгерді, енді елдің жағдайы «керемет» болады
- Қазақстан 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға 36 спортшы жібереді
- Еліміздегі скрининг бағдарламаларының саны артты
- Тоқаев Конституциялық комиссия құру туралы жарлыққа қол қойды
- Кентауда екі өгей қызын жылдар бойы зорлады деген күдікке ілінген ер адам ұсталды
- Kundelik.kz компаниясының басшысы: платформадағы деректер BilimClass-қа заңсыз ауыстырылды