Шымкентте жолға таласып кісі өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды

cover Фото: Бейнеден кадр

Шымкент қалалық полиция департаменті кісі өлтіру және бұзақылық дерегі бойынша күдікке ілінген төрт ер адамды анықтап, ұстады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру және тергеу шаралары жалғасып жатыр.

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «кісі өлтіру», «бұзақылық» және «адам ұрлау» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерді анықтап, ұстау үшін полиция департаментінің барлық күш-құралдары жұмылдырылды», -  деп хабарлады қалалық полиция өкілдері.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 20 қаңтар күні болған. Жолға таласқан бір топ адам төбелесіп қалады. Пышақ жарақаты салдарынан 40 жастағы ер адам көз жұмып, тағы бір азамат ауруханаға жеткізілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар