Шымкентте студенттер «бал қосып беретін» алаяқтардың торына түсті

cover Фото: Айқын

Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындарының оқу үлгерімі төмен студенттері жаппай алаяқтарға алданып, ақшаларынан айырылып қалған, деп хабарлайды Orda.kz.

Алаяқтар ақылы түрде жағдайды «жақсартып», қосымша бал қойып беруді ұсынған.

Олар әлеуетті құрбандарды олардың TikTok-тағы аккаунттары арқылы анықтаған. Телефон нөмірлері мен есімдерін арнайы боттардың көмегімен тауып, кейін ЖОО порталдары арқылы оқу үлгерімін тексерген.

Үлгерімі төмен студенттерге жеке хабарласып, «қақпанға түсіре» бастаған. Өздерін университет қызметкері ретінде таныстырып, сессияға жіберілу үшін бір-екі бал жетпей тұрғанын, емтихан тапсыруда қиындықтар бар екенін айтып, мәселені ақшамен шешуге болатынын айтып, алдаусыратқан.

Мұндай жағдайдан абдырап қалған студенттер ұсынысқа көп ойланбай-ақ келіскен.

Оның үстіне «мәселенің бағасы» небәрі 70–80 мың теңге болған. Ақшаны алған соң алаяқтар, әрине, байланысқа шықпай, нөмірлерін бұғаттап, ізін суытқан.

Шымкент қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі күдікті ұсталды. Оларға қатысты қылмыстық іс материалында алаяқтықтың алты оқиғасы тіркелген.

Тергеу органдары ұсталғандардың өзге де фактілерге қатыстылығын тексеріп, қалған жәбірленушілерді анықтауда.

Полиция мұндай хабарламаларға қатысты қырағылық таныту қажет екенін ескертеді.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар