Шымкент полициясының басшысы Тоқаевтың мәлімдемесінен кейін қызметінен босатылды
Фото: gov.kz
Шымкентте 21 жастағы Нұрайдың қазасынан кейін қаладағы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Алмасбеков пен оның бірінші орынбасары Құрманбек Сахов қызметінен босатылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Редакция 20 қаңтар күні БАҚ-та тараған отставка туралы ақпаратты нақтылау үшін құқық қорғау органдарына ресми сауал жолдаған. Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.
«Қызметтік тексеру жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша басқарушылық жауапкершілік тәртібімен тәртіптік шаралар қабылданды. Қоғамдық тәртіпті тиісінше қамтамасыз етпегені үшін Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы мен оның бірінші орынбасары атқарып отырған лауазымдарынан босатылды, сондай-ақ бірқатар лауазымды тұлғалар ішкі істер органдарынан шығарылды» деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігінің өзіндік қауіпсіздік департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бұған марқұмның отбасының өтініштерін Қаратау аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің тиісті деңгейде қарамағаны себеп болған. Туыстары қаза тапқан қызды кейіннен кісі өлтіру ісі бойынша күдікті атанған ер адамның жүйелі түрде қудалағанын бірнеше рет мәлімдеген.
«Қылмыстық іс аясында өтініштерді қабылдау, әрекет ету шараларының толықтығы мен уақытылығына қатысты барлық уәждер мен мән-жайлар жан-жақты тексеріледі. Тергеу қорытындысы бойынша лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне заңнамада белгіленген тәртіппен құқықтық баға беріледі», – деп мәлімдеді департамент өкілдері
Ішкі істер министрлігі заңдылықтың бұзылуына ықпал ететін кез келген фактілерге, сондай-ақ зорлық-зомбылық пен қатыгездік көріністеріне қатысты принципті ұстанымды сақтайтынын атап өтті. Кісі өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істің тергелу барысы ІІМ-нің бақылауында. Тергеудің объективтілігі мен жан-жақтылығын қамтамасыз ету үшін тәжірибелі қызметкерлерден құралған арнайы тергеу-жедел тобы құрылды.
Еске сала кетейік, Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде Шымкенттегі Нұрайдың өлімінен кейін полиция жұмысына баға беруді тапсырды.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады