Шығыс Қазақстанда жер сілкінді

cover Фото: pixabay

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан мен Ресей шекарасында болды.

Бұл туралы Қазақстанның ұлттық деректер орталығы хабарлады.

Ұлттық орталықтың мәліметінше, төрт баллдық жер сілкінісі 27 мамырда Астана уақытымен сағат 11:18-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан мен Ресей шекарасында, 20 шақырым тереңдікте, Өскеменнен 118 шақырым жерде орналасқан.

Картаға қарағанда, жер сілкінісі ошағына ең жақын орналасқан елді мекен Пахотное ауылы. 

Зардап шеккендер мен жараланғандар туралы ақпарат жоқ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар