ШҚО-да алтын өндірумен айналысқан «кеншілер» құрықталды

cover Фото:polisia.kz

ШҚО полиция қызметкерлері алтын өндірумен заңсыз айналысқан «кеншілерді» ұстады.

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.  

Өз жұмыстарын өте мұқият жасаған ұрылар тікұшақпен аймақты аралау барысында ұсталды. Арнайы техниканы пайдаланған екі топ, облыстың бірнеше аудандарында бағалы пайдалы қазбаларды өндірумен заңсыз айналысқан. Олар арнайы металл детекторлары арқылы жер учаскелеріне барлау жүргізген. Кейіннен экскаватормен топырақтың үстіңгі қабаты алып, алтын кесектерін өндірген. Тәркілеу барысында тәртіп сақшылары олардан шамамен 5-6 грамм алтын кесектерін, техника, қару-жарақ, оқ-дәрілер мен тиегіш тәркіледі. Құрамы 7 адамнан құрылған топ Самар ауданында жұмыс істеген.

11 адамнан тұратын тағы бір топ Үлкен Нарын ауданында жұмыс істеген. Мұнда да дайындалған жоспар бойынша бағалы металдар өндірілген. Онда полицейлер техникадан басқа 20 грамнан астам алтын, 6 металл іздегіш пен радиостанция тәркіледі. 

Құқық бұзушылар бірнеше баптар (Жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу, рұқсатсыз кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, қаруды заңсыз сақтау, алып жүру) бойынша жауапқа тартылды. Алынған құралдар мен техника мемлекет кірісіне тәркіленеді. Жер қойнауы ресурстарына келтірілген залалдың құнын анықтау үшін тиісті сараптама тағайындалды. Мұндай заңсыз әрекеттер тек экономикаға ғана кері әсер етіп қоймай, сонымен бірге аймақтың экологиясын, флорасы мен фаунасын бұзады. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар