Шетелдіктерге жер сатуға тыйым салатын заңның осал тұстары қандай?
«Нұр Отан» партиясының депутаттары шетелдіктерге жер құқығын иеленуге мүмкіндік қалдырды.
Бұл туралы Orda.kz ҚазТАГ-қа сілтеме жасап хабарлады.
Жер кодексінің 48-бабының 2-тармағында «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар - конкурсқа қатысқан жеңімпаздар, ауыл шаруашылығы өндірісі, орман өсіру, қосалқы ауылшаруашылығы үшін жер учаскелері уақытша жер пайдалануға 25 жылға дейінгі мерзімге жалға беріледі» делінген. Нұр Отандықтар «ауыл шаруашылығы өндірісі, орман өсіру, қосалқы ауыл шаруашылығы үшін» дегенді «орман өсіру үшін» дегенге ауыстыруды ұсынды.
Мәжілісмендер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасында жерді орман өсіру мақсатында беруге тыйым салу қарастырылмаған деп санайды.
– Жер кодексінің 138-бабына сәйкес «резервтік жерлер осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда жеке орман өсіру үшін меншікке немесе жер пайдалануға беріледі». Сонымен қатар, заң жобасының тұжырымдамасы шаруа қожалықтары мен ауылшаруашылық өндірісі үшін тек ауыл шаруашылығы жерлерін беруге тыйым салуды енгізуді көздейді, - деді депутаттар ұсынған түзетудің негіздемесінде.
Бұл нұсқаны парламенттің төменгі палатасы мақұлдап, Сенаттың қарауына жіберді.
Еске салсақ, 2020 жылдың 1 қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеуінде 2021 жылы 31 желтоқсанда Қазақстанда жер мораторийі аяқталатынын еске салып, «жер шетелдіктерге сатылмайды» деп сендірді. Алайда, оның пікірінше, «үкімет ауылшаруашылық жерлерін экономикалық айналымда толық пайдалануы керек», президенттің сөзіне қарағанда, аграрлық секторға инвестиция тарту «ауадай қажет».
20 қаңтарда Мәжіліс депутаты Берік Дюсембинов бір топ мәжілісмендердің атынан өтініш білдіріп, үкімет жер кодексіне жедел түрде өзгертулер енгізуі керек деп мәлімдеді, өйткені жер сатуға мораторий 2021 жылы аяқталады.
12 наурызда Тоқаев Мәжіліске шетелдіктерге жерді сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң жобасын жіберді. Заңды 14 сәуірде Мәжіліс екінші оқылымда мақұлдады.
Жаңалықтар
- Иран АҚШ-тың блокадасына жауап ретінде Қызыл теңіз бен Парсы шығанағын жабатынын мәлімдеді
- Вашингтондағы келіссөздер: Рубио мен Жұманғарин не туралы сөйлесті?
- Погон таққан балуан қыз халықаралық жарыста І орын алды
- Атырауда полиция басқармасының басшысы ұсталды
- Шымкентте автогаз табу – нағыз сынаққа айналды
- Тоқаев Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты БАӘ шейхына қолдау білдірді
- Қазақстан құқықтық көмек туралы конвенциядағы өзгерістерді ратификациялады
- Ақтау маңындағы әуе апаты: Әзербайжан мен Ресей өзара келісімге келді
- 4 адам опат болды: Түркияда тағы да оқушы мектептегілерге оқ жаудырды
- Президент АХҚО басшысына елге капитал тарту үшін барынша қолайлы жағдай жасауды тапсырды
- «Әндерді сатып алдым»: Композитор Қуат Әбіл пен әнші Баянсұлу арасындағы кикілжің оң шешімін тапты
- Маңғыстау облысында қатты нөсер мен дауылдан үйлерді су алып, шатырлар ұшты
- Тоқаев БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастаманы қолдады
- Жамбыл облысында екі жасөспірімнің денесі табылды
- Қазақстанда жаңа партия құрылады
- Ердоған Қазақстанға қашан келетіні белгілі болды
- Қазақстанда коллекторлар қызметіне шектеу қойылды: Өзгеріс қандай?
- Қазақстанда ұлттық рейтингтік агенттік құрылады
- Бақытжан Базарбек: Олигархтарға «сот төрелігі» ерекше
- Ресейде жаңа заң: шетелдегі ресейліктерді қорғау үшін президентке әскер қолдану құқығы берілмек