Шерзаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Фото: Airan media
Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы оның адвокаты Мейірман Шекеев хабарлады.
«Қаржаубайдың кейбір жаулары біздің үнсіздігімізді Қаржаубай сотталадыға сайып, бағып жүрді. Ол жайлы отбасын әбден қаралап әбігерге салған бір адам, осы істің артын бағып та жүрді. Кейбір тікелей эфирде айтып та жатыр. Қаржаубай сотталады дегендей үміттерін үзбегені де рас» деп жазды адвокат.
Адвокаттың айтуынша, Қаржаубайға қатысты қылмыстық іс қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы 1-бөлігі 12-тармағы негізінде тоқтатылды.
Еске сала кетейік, марқұм Шерзат Болаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс «бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру» дерегі бойынша қозғалған. Бұған оның полицейлер мінген көліктің дөңгелегін жарып тастауы себеп болды. Оқиға Нұрқанат Ғайыпбаевты жерлеу рәсімінен соң болған. Ол 9 желтоқсанда Шерзаттың ағасы жұмбақ жағдайда өлі табылған болатын.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады