Шерзатты мен пышақтадым деп келістік — басты күдікті
Фото: Жоғарғы сот, бейнеден кадр. Абзал Шынасыл
Талдықорғандағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты істің кезекті сот отырысы басталды. Бүгін Шерзатты пышақтады деген Абзал Шынасыл жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Абзал Шынасылдың айтуынша ол келген кезде-ақ төбелес басталып кеткен. Дүкен алдында оған Нұрғанат Ғайыпбаев жүгіріп шығып, соққы жасамақшы болыпты.
«Мен төбелес барысында Шерзатты теуіп, ұрдым. Ғайыпбаевтың санынан қалтамдағы пышақпен бір-екі рет сұқтым. Содан соң көлікке отырған кезде пышақты сүрткенімді мойындаймын, оны із қалмау үшін жасадым. Сол жерде Дана деген қызға дизи сусынын құйдырып жудым. Тау жаққа қашып кеткен кезде төбелесте бір бала қайтыс болғанын естідік, бірақ сенбедім. Сонымен қатар, мен Дархан Әскентайды танымаймын, сол үшін де оны төбелес барысында бір-екі рет ұрып жібердім. Мен дүкен жаққа Нұрбол Тоқтаубаев шақырған соң бардым» ,– деді Шынасыл Абзал.
Сонымен қатар, күдікті алдын ала тергеуде берілген жауаптарындағы Шерзат Полатты пышақтағаны жайлы барлық жауаптарынан бас тартатынын жеткізді. Яғни, Шерзатты пышақтағаны жайлы жауаптың алдын ала келісіммен айтылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, дүкеннің алдында Шерзаттың досы Ахмед Махмедті ұрғанын мойындамады.
«Бәріміздің басымыз тергеу алдында қосылған кезде бізге тергеуші мына өлген баланың қанын біреуің мойындарыңа алмасаңдар барлықтарың кетесіңдер, біреулерің мойындарыңа алыңдар деп айтты. Біз сол жерде жігіттермен келістік, менің қолымда пышақ болған соң өзімді кінәлі сезіндім де жігіттер айттым: «алсам, мен мойныма алайын Шерзатты». Ал Ғайыпбаевты пышақтаған Шыңғыс Белғожаев алады деп келіскен едік»,– деді Шынасыл.
Ал Шерзатқа нақты кімнің пышақ салғанын білмейтінін айтты.
Содан кейін Шерзатты пышақтағанын мойныңа аласың деген Шыңғыс Белғожаев бас тартқан соң, кейінгі жауаптарының екеуін де «пышақтадым» деп жауап берген. Алайда, оның қате екені түсінген соң Шерзат жайлы жауаптырынан бас тартатынын айтқан. Яғни Шынасыл тек қана төбелес барысында Шерзатқа бір-екі рет соққы ғана жасағанын, ал Ғайыпбаевтың санына пышақ салғанын мойындайтынын жеткізген еді.
Еске сала кетсек, соңғы сот отырыстарында тоғыз сотталушының алтауы жауап берді. Нұрбол мен Азамат Тоқтаубаевтар, кәмелетке толмаған Ысқақ Думан, Нұрқияс Ілиясов, Шыңғыс Белғожаев және Равиль Сәкиев. Ал Дидар Қалиахмет әзірге жауап беруге дайын емес екенін айтты. Оған дейін Дархан Әскентай бірінші болып жауап берді.
Еске сала кетсек, Талғарда былтырғы 4 қазан күні бір топ адам келіп дүкен иесі Қаржаубаймен, ұлы Шерзатпен және ағасы Нұрғанатпен жанжалдасып, арты кісі өліміне ұласты. 16 жасар Шерзат қаза болды. Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырды. 9 желтоқсан күні таңертең жасөспірім Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі марқұм Шерзаттың зиратының қасынан табылды. 12 қазан күні Шерзат Полаттың отбасының үйі өртенді.
Жаңалықтар
- Иран Дубайдағы халықаралық қаржы орталығына шабуыл жасады
- Марқұм Әли Хаменейдің әйелі тірі
- Иран СІМ: Ормуз бұғазына мина қойып жатқан жоқпыз
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеу жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды