Шенеуніктер сот төрағасының тойына мемлекеттік көлікпен келген
Фото: Orda.kz
Шенеуніктер Жамбыл облыстық соты төрағасының тойына мемлекеттік көлікпен келіп, думандатты, деп хабарлайды Orda.kz.
Тараз қаласында Жамбыл облыстық сотының төрағасы Ербол Ахметжановтың 60 жылдық мерейтойы қаланың қақ ортасында орналасқан «Бақсарай» ресторанында өтті. Ербол Ахметжановты құттықтауға шамамен 80 шақты адам жиналды. Олардың ішінде жоғары лауазымды шенеуніктер мен полиция басшылығының өкілдері бар.
Бәрінен де қызық болып тұрғаны той емес, тойға келушілердің автокөліктері. Олар тойға мемлекеттік көлікпен келген.
Жамбыл аудандық сотының төрағасы Айгүл Шымырова 945 мемлекеттік нөмірі бар қытайлық Haval кроссоверімен мейрамханаға келді. Бір қызығы, көлік сотқа емес, әкімдіктің мәдениет және тілдер бөліміне тиесілі.
Осы кезде бір сұрақ туындайды. Неге басқа ведомствоның қарамағындағы қызметтік көлік судьяның астында жүр? Неліктен автокөлік жеке ол жүруге пайдаланылды? Біз бұл сұрақтарды аудандық судьяның Аса ауылындағы жұмыс орнына барып, жеке өзіне қоюға тырыстық. Бірақ Шымырова ешқандай жауап бермеді.
Айгүл Шымырова 2023 жылғы желтоқсанда Президенттің Жарлығымен Жамбыл аудандық сотының төрағасы лауазымына ие болды. Бұған дейін Павлодар облысы мен Таразда жұмыс істеген.
Алайда этикалық нормаларды бұзған бір-ақ адам емес. Мейрамхана алдында облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне тиесілі 008 мемлекеттік нөмірі бар KIA көлігі де тұрды. Әрине, шенеуніктер қызметтік көлікті тек қызметтік міндеттерді орындауға ғана емес, сонымен қатар жеке бастарының жұмыстарына пайдаланып жүргені анық.
Естеріңізге сала кетейік, қызметтік автокөліктерді жеке мақсатта пайдалануға заңмен тыйым салынады. Бұл мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін бұзып қана қоймайды, сонымен қатар тәртіптік немесе тіпті әкімшілік шараларда қарастырылған заң бұзушылық болып саналады.
Сондай-ақ, Ербол Ахметжановтың өзі де бұл туралы пікір білдіруден бас тартты.
Жаңалықтар
- Түркістандағы колледж жатақханасында дау шықты
- Телефон қуаттағыш жарылды: Америкалық ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды
- Президент Astana Team балалар хоккей құрамасын құттықтады
- Тоқаев Питер Фостермен АҚШ-қа тікелей әуе қатынасын ашу мәселесін талқылады
- Референдумға арналған бюллетень үлгісі жарияланды
- Орыс православие шіркеуінің бұрынғы қызметкері Иаков Воронцов тағы ұсталды
- Қазақстандықтар «әдемі» автонөмірлерден ақшасын аямады: Бюджетке қанша кіріс кірді?
- Тоқаев Грузияның ішкі істер министрін қабылдады
- Түркістан халықаралық әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
- Ким Чен Ын беделді лауазымына қайта сайланды
- Қазақстан үшінші бітімгерлік контингентін Голан жоталарына жібереді
- Енді төлқұжат пен жүргізуші куәлігін ХҚКО бермейді
- 2026 жылғы Олимпиада мәресіне жетті: Қазақстан жалпыкомандалық есепте қай орында?
- Шығын – 95 млн теңге. Шымкентте бірнеше адамды алдап кетті деген күдікті Түркиядан экстрадицияланды
- Мексикада ең ірі есірткі ұйымының жетекшісін өлтірді: Елде не болып жатыр?
- Көкшетауда алаяқтар ЖОО оқытушысын тақырға отырғызып кетті
- АҚШ президенті резиденциясын торуылдаған 20 жастағы жігіт оққа ұшты
- Алматыда 28 жастағы жігітті қар көшкіні басып қалды
- АҚШ алдағы күндері Иранға соққы жасауы мүмкін
- «Қайрат» шабуылшысы Дастан Сәтпаев 2026 жылы 10-нөмірмен ойнайды