Шалқарда 9-сынып оқушысын пышақтап тастады
Фото: Pexels
Ақтөбе облысының Шалқар қаласында екі жасөспірімнің арасындағы жанжал пышақ жарақатымен аяқталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға 26 қазан күні болған. Екі оқушы әртүрлі мектепте оқиды, бір ауданда тұрады.
Жарақат алған 9-сынып оқушысы алдымен Шалқар аудандық ауруханасына жеткізілді. Кейін жағдайына байланысты Ақтөбедегі облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалады.
Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті — 2011 жылы туған 10-сынып оқушысы. Ол ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Құқық қорғау органдары мен облыстық білім басқармасы жасөспірімдер арасындағы жанжалдың алдын алу шараларын күшейтіп жатқанын хабарлады.
Бұған дейін Шалқар ауданының Қопа ауылында мектептегі буллингтен кейін 9-сынып оқушысы қайтыс болған. Ол іс бойынша жоғары сыныпта оқитын үш оқушы 6 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады