Қазақстанның халық әртісі, күллі қазаққа белгілі композитор Шәмші Қалдаяқовтың бір жиында отырып, Дінмұхаммед Қонаевпен кездескені туралы айтқан әңгімесі таспаға басылыпты. Дәл осы аудиожазба әлеуметтік желіде жарияланды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

15 минутқа жуық аудиожазбадан Шәмші Қалдаяқовтың Қонаевпен кездесуге қалай дайындалғанын, Нұрғиса Тілендиевпен бірге барғанын, сыртта достарының күтіп тұрғанын білуге болады.

Қазақ даласын әнмен тербеткен вальс королі Шәмші Қалдаяқовтың әзілге жақын болғаны байқалады. Аудиожазбадан жан-жағын күлкіге қарық қылып, жағымды әңгіме айтып отырғанын білесіз. Шәмші Қалдаяқов сөз арасында жақсы костюм мен жаңа аяқ киім өзіне жараспайтынын айтып, бірақ сол айтулы күні қызыл күрең голландиялық туфлиін киіп, шалбарының қырын пышақтай қылып шығарып, аса жоғары дайындықпен барғанын қалжыңмен жеткізеді.

Бөлісіңіз: