Сенат ЖИ туралы заңды мәжіліске қайтарды

cover Фото: Instagram/ @senate_kz

Сенат ЖИ (жасанды интеллект) туралы заң жобасын мәжіліске қайтарды. Сенаторлар құжаттағы жекелеген баптарды әлі де жетілдіру қажеттігін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

Сенаторлардың пікірінше, жасанды интеллектіні қолданудан азаматтарға қауіп-қатер төнбеуі тиіс. Сол себепті депутаттар жүйені пайдалану кезінде міндетті қауіпсіздік талаптарын енгізуді ұсынып, заң жобасын Мәжіліске қайтарды.

«Технологияны енгізу берік нормативтік базасыз мүмкін емес. «ЖИ туралы» заң – елімізде алғаш рет жасанды интеллектті реттеудің құқықтық негізін қалыптастыратын маңызды құжат. Біз енгізген түзетулер қауіптің алдын алу мен залалды болдырмауға бағытталған нақты жауапкершілікті күшейтеді», – деді депутат Бибігүл Аққожина.

Енді мәжілісмендер ұсынылған түзетулерді назарға алып, заң жобасына енгізуі қажет.

Айта кетейік, Жасанды зердені дамыту жөніндегі кеңестің бірінші отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект саласындағы зерттеу университетін ашуды тапсырды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар