«Сен кімсің өзі?»: Құзырлы орган қызметкерлері Orda.kz заңгеріне дөрекілік танытты
Фото: Orda.kz
Orda.kz тілшісінің айтуынша, олар әріптестерімен бірге оқиға орнынан тікелей эфир жүргізген. Эфир аяқталған соң, команда редакциядан шығып, кофеханаға барып, эфирдің кейбір тұстарын талқыламақ болған. Дәл осы сәтте, оның сөзінше, жолдарын полиция қызметкерлері бөгеп, куәліктерін көрсетіп, журналистерді тоқтатқан, деп хабарлайды Orda.kz.
Адвокат Ольга Диденко тергеу тобының аға тергеушісінен қаулыны көрсетуін сұрайды. Тергеуші өз аты-жөнін айтып таныстырған. Ольга оның есімін, тегін және қызметтік нөмірін жазып алған. Алайда журналистің айтуынша, тергеуші қаулыны көрсетуден үзілді-кесілді бас тартқан әрі онымен дөрекі сөйлескен.
«Ол Ольгаға: «сен кімсің өзі?» деп, тіпті «сауатың жоқ» деген сөздер айтты. Әрі қаулыны көрсетпейтінін, себебі оның тергеу әрекеттерінің қатысушысы емес екенін айтқан», — деді журналист.
Осы кезде, оның айтуынша, полиция Orda.kz-тің басқа бір журналисін тергеп, сұрақ жаудырған.
«Оны төрт жағынан қоршап алды. Адвокатты жанына жолатпады», — деді журналист.
Айта кетейік, таңнан бері Orda.kz редакциясына қара киінген арнайы әскери адамдан келіп тінту жүргізіп жатыр.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады