Семейдегі өрттен зардап шеккендерге көмектескен «Би-2» Қазақстанда өнер көрсетуден бас тартты
Фото: бейнеден скриншот
Белгілі ресейлік рок-музыкант Лёва « «Дождь» телеарнасына берген сұхбатында топтың Қазақстанда концерт бермейтінін айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
«Drama Queens» бағдарламасының жүргізушілері Юлия Таратута, Анна Монгайт және Екатерина Котрикадзе музыканттан, қай елдерде «Би-2» өзінің қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдіріп, концерт бере алмайтынын сұрады. Лёва кейбір елдерге топтың әзірге бармауы керек екенін айтты. Олардың қатарына Қазақстан да кіреді.
«Өкінішке қарай, Грузия, Армения, Әзірбайжан, Қазақстан — бұл біздің сүйікті елдеріміз, біз ол жерге үлкен қуанышпен баратын едік. Бірақ қазір, уақыттың өзгеруімен, тыныштық сақтау қажет сияқты», — деді «Би-2» тобының әншісі.
Әнші «Би-2» тобының Әзірбайжанда концерті жоспарланғанын, бірақ кейін оның өтпейтіні белгілі болғанын мәлімдеді.
«Біз Әзірбайжанды өзіміз үшін қауіпті аймақ деп есептемедік, бірақ бүгін біз жаңалықтан Ресейдің тапсырысымен біреуді қамауға алғанын оқыған соң, концерт өткізу қауіпті деп шештік», — деді музыкант.
Әртіс топтың саясатқа араласпайтынын атап өтті. «Би-2» музыканттарының тек бір саяси тақырып бойынша пікір білдіретінін айтты — ол Ресей мен Украина арасындағы соғыс.
«Біз әрқашан саясаттан тыс топ болдық. Мен мұны тура айта аламын. Тіпті қазір біз шетелде тұрсақ та саяси шаралар болғанда бізге шақырулар түссе де, біз бас тартамыз. Тек соғысқа қарсы позициямызды білдіреміз. Қазіргі оқиғалар шығармашылығымызға әсерін тигізуде», — деп сөзін қорытындылады Лёва.
Өткен жылдың тамыз айында топ Конаев қаласында өтетін Family Rock Fest фестивалінде өнер көрсетуі тиіс еді, бірақ іс-шараға бірнеше ай қалғанда музыканттар Қазақстанға келуден бас тартты. 2024 жылдың қаңтар айында Таиландта полиция «Би-2» тобын толық құрамымен концерттен кейін ұстады. Таиланд билігі әртістерді Ресейге депортациялауды жоспарлаған.
Ресейдің Украинаға жасаған жойқын шабуылынан кейін «Би-2» Израильге көшті. Лёва Ресей билігінің әрекеттерін Instagram парақшасында бірнеше рет сынға алған. Ресейдің Әділет министрлігі оны шетелдік агенттер тізіміне қосты.
2023 жылы музыканттар Семейдегі концерттен алған гонорарларын Абай облысындағы ірі өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасына көмек ретінде аударды.
2025 жылдың ақпан айының басында Украинадағы соғысқа ашық қарсы шығатын тағы бір ресейлік рок-топ — «Наивтің» Қазақстандағы екі концерті өтпей қалды.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады