Семейде жарыстан қайтқан Азия чемпионы жол апатынан опат болды
Фото: Информбюро
2 қараша күні Омбы – Майқапшағай тас жолында спортшылар мінген көлік апатқа ұшырады. Астанадан жарыстан қайтқандардың көбі ұйымдастырушылар жалдаған автобуста отырған. Ал бір бөлігі жаттықтырушының көлігіне мінген. Қаза тапқан спортшылардың жаттықтырушысы команданың бір бөлігі неге оның көлігінде отырғанын түсіндірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Астанадағы жарыстан Семей қаласына оралған жаттықтырушы мен спортшылар мінген Toyota Avensis көлігі жүк көлігіне соғылған. Жарысқа қатысушылардың үшеуі сол жерде қаза тапты. Олардың арасында 19 жастағы Азия чемпионы да болды. Ал жаттықтырушы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.
Жаттықтырушының айтуынша, федерация барлық шығындарды өтеген. Ал автобусты олар өздері жалға алған. Жарысқа қатысушылардың көп болуына байланысты үш спортшыны жаттықтырушының көлігіне отырғызуға тура келген.
Абай облысында жол апатынан қаза тапқан үш студенттің бірі Нұрмағанбет Тұрарбектің туыстары қайғылы оқиғаға жарыстың ұйымдастырушыларын кінәлап отыр. Марқұм спортшының ағасы жарыстың ұйымдастыру деңгейі өте нашар болды деп есептейді.
Марқұмның ағасы үш студент «Мерседес спринтермен» қайтқанда жол апатына түспей, аман қалуы мүмкін еді дейді. Бауырынан айырылған жігіт ұйымдастырушылар ақша үнемдеу мақсатында чемпионаттың қатысушыларын қондырмай, түн ішінде трассаға шығуға жол бергенін айтты.
«Бізге әділдік керек. Себебі Қазақстан аумағында облыстық, аудандық, қалалық шаралар, спорттық шаралар болсын бірталай шара өтіп жатыр ол жерлерде. Баратын спортшылардың да, жарысқа қатысушылардың да қалай кетіп жатқаны белгісіз. Сондықтан да бізге олардың болашақта бұндай жағдай қайталанбаса дегенді айтқымыз келіп отыр», — дейді Данияр Манарбеков.
Еске сала кетсек, Қаңтар оқиғасына қатысты іс бойынша апелляция соты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Дикий Арман мен оның серіктерінің жазасы жеңілдетілмеді.
Жаңалықтар
- Threads-та жаңа функция пайда болады
- «Дулығасында соғыста қаза тапқан спортшылардың портреті бейнеленген»: Украиналық скелетоншы Олимпиададан шеттетілді
- Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша апелляциялық сот отырысының шешімі шықты
- Қазақстан Қырғызстаннан жерді 49 жылға не үшін жалға алмақшы?
- Ресейде бірден бірнеше ірі платформалар бұғатталды
- Қазақстандықтар былтыр тоннадан аса алтын сатып алған
- Түркістанда көшенің қақ ортасында атыс болды
- Есепші бүтіндей мемлекеттік кәсіпорын ақшасын бәске тігіп жіберді
- Жаңа Конституция күні 15 наурызда аталып өтуі мүмкін
- Маңғыстау облысында есірткі жеткізумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды
- Қазақстанда жаңа Конституция жобасы жарияланды
- Пезидент UAE SWAT Challenge–2026 халықаралық жарысында жоғары нәтиже көрсеткен командаларды құттықтады
- TikTok-та танылған Талғар әкімі қызметінен кетті
- Садыр Жапаров Конституциялық сотқа жүгінді
- Дәрігер ауруханада 13 жастағы қызға азғындық жасаған: Істің жай-жапсары
- Доллар неге күрт арзандап кетті?
- Тарихи жеңіс: Қазақстандық арнайы жасақтар Дубайда өткен турнирде алтын және күміс жүлдеге ие болды
- Бүгін Астана оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды
- Қазақстанда Референдум 15 наурызда өтеді
- Қылмыстық іс қозғалды: Шымкентте көшенің қақ ортасында бір топ жас жігіт жаға жыртысты