Семейде сәбиді қоқыс жәшігіне тастаған күдіктілер әлі қамалмаған

cover Фото: freepik.com

Семейде қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің мәйіті табылды. Әлеуметтік желіде күдіктілердің полицей екені туралы ақпарат тарады. Абай облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.

3 ақпанда Семей қаласында Әуезов полициясының кезекші бөліміне қоқыс жәшігінен сүлгіге оралған жаңа туған нәрестенің мәйіті табылғаны туралы хабар түскен. Ведомство сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктілер анықталғанын мәлімдеді. 

Алайда кейбір әлеуметтік желі қолданушылары күдікті құқық қорғау органдарында жұмыс істейтінін, сондықтан оларды қамауға алмағанын айта бастады. Бұл ақпаратқа Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Олар «күдікті — полиция қызметкері» деген ақпаратты жоққа шығарды. 

«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау жүргізіліп жатыр. Содан кейін тиісті процессуалдық шешім қабылданады. Ешкім жауапкершіліктен қашып кете алмайды. Кінәсі дәлелденген әр адам лайықты жазасын алады», — деді полициядағылар.

Бірақ күдікке ілінгендер әлі уақытша ұстау изоляторына қамалмапты.  Полиция қосымша тергеу әрекеттері жүргізілетінін айтты. 

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар