Сапасыз жолдан көлігіңіз сынса — «ҚазАвтоЖол» ақы төлейді
Фото: Orda.kz
Қазақстандықтар автокөліктерінің сапасыз жолда зақымданғанына байланысты жеті талап-арыз түсірген. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясында жүргізушілер тарапынан Қазақстан жолдарында көліктердің зақымдануына қатысты сотқа бірнеше талап-арыз түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы компания басқарма төрағасы Дархан Иманашев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты.
«Қазіргі таңда «ҚазАвтоЖолға» қарсы шамамен жеті талап-арыз бар. Автокөлік иелері жолда жүріс бөлігі немесе доңғалақ зақымданғаны үшін сотқа жүгінген. Сот шешімі шыққан жағдайда, біз тиісті шығынды өтейміз», — деді ол.
Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖолда» жолдардың нашар жағдайынан болған жол-көлік оқиғалары ресми түрде тіркелмегенін мәлімдеді.
«Бүгінгі күнге дейін жолдардың сапасына байланысты жол-көлік оқиғалары тіркелген жоқ. ЖКО болғаннан кейін тиісті хаттама толтырылады, онда оқиғаның себебі көрсетілуі тиіс. Қазіргі таңда адам өлімімен аяқталатын жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі — бір бағытта келе жатқан көліктердің соқтығысуы немесе қарсы бағытқа шығып соқтығысуынан болған. Оқиғада жол жабыны жағдайы себеп ретінде көрсетілмеген» , — деді Иманашев.
Сонымен қатар халықтың көкейінде жүрген сұрақтың бірі — ақылы жолдн түскен қаражат. Қазақстанда ақылы жолдардан түскен миллиардтаған теңге қайда жұмсалып жатыр?
Жалпы, 2025 жылы ақылы жолдардан түскен түсім 87 млрд теңге болған.
«Қаражат ең алдымен жолдарды күтіп-ұстауға жұмсалады — бұл шамамен 30%. Кейін 10% бейнекамералар мен олардың қызмет көрсетуіне кетеді. Қалған негізгі бөлігі арнайы техниканы сатып алуға кетеді. Мысалы, соңғы екі жылда біз 1200 арнайы техника сатып алдық. Биыл тағы 800 техника алуды жоспарлап отырмыз. Ал мұндай тағы да 2000 техникаға деген қажеттілік бар» — деді ұлттық компанияның басқарма төрағасы Дархан Иманашев.
Компанияның болжамынша, 2026 жылы ақылы жолдар арқылы 97–100 млрд теңге жинау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар бұған дейін біз 2026 жылы Қазақстанда алты автожол учаскесі ақылы болатынын жазған едік.
Иманашевтің айтуынша, қазіргі таңда елімізде жалпы ұзындығы 4 900 шақырым болатын 26 ақылы жол учаскесі жұмыс істейді. Биыл тағы алты жаңа учаскені іске қосу жоспарланған. Атап өтсек:
- Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал (554,6 шқ)
- Бұрылбайтал – Күрті (226,4 шқ)
- Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат (89 шқ)
- Талдықорған – Өскемен (773 шқ)
- Атырау – Астрахань (277 шқ)
- Мерке – Шу – Бұрылбайтал (78 шқ)
Сондай-ақ, соңғы жаңалық ретінде ақылы жол учаскелерінде ақаулар болған жағдайда жол ақысын уақытша тоқтату нормасы енгізілгенін хабарлаймыз. Жолда ақаулар бар екенін сала басшысы мойындады.
«Қазіргі таңда тіркелген ақаулар көлемі 1 миллион 100 мың шаршы метр болады. Бұл ақауларды жөндеу жұмыстары жол құрылысы маусымы басталғанда жүргізіледі», — деді Дархан Иманашев.
Сонымен қатар, жол пайдаланушыларының өтініштері негізінде ақылы жолдар үшін төлем жасау мерзімін 7 күннен 30 күнге дейін ұзарту нормасы енгізілмек. Қазіргі уақытта тиісті түзетулер уәкілетті органдарда келісіліп жатыр екен.
Компания басшысының айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша ақылы жолдардан 87 млрд теңге жиналып, бұл қаражат жол учаскелерін күтіп-ұстауға бағытталған.
Атап айтқанда, осы қаражат есебінен:
- 1 456 дана арнайы техника мен жабдық сатып алынған;
- 354 мың шаршы метр жол жабыны ағымдағы жөндеуден өткен;
- 340 мың текше метр мұзға қарсы материалдар пайдаланылды.
Айта кетерлігі, егер көлігіңіздің сапасыз жолдың кесірінен сынғанын немесе іске жарамсыз болғанын дәлелдей алсаңыз — жолға жауапты компания ақысын төлеуге міндетті. Бұл бүкіл әлем бойынша қолданылатын тәжірибе. Оған қатысты заң нормаларымен сәйкестендірілген құжаттар жетерлік. Бұны көбінесе шетелдіктер қолданады. Ол үшін компанияға сапасыз жодың кесірінен көлігіңіз сынған туралы талап арыз түсіріп қана қоймай — оны дәлелдеуіңіз қажет, яғни арнайы маманның көмегіне жүгінесіз.
Біздің халық көбіне осы машақаты көп істен қашып, оған уақыт кетіргенше көлігін жөндеп ала салғанды жөн көреді. Сол себепті жоғарыда Дархан Иманашев айтқандай, кейбірі арыз түсірсе де дәлелдей алмайды. Оның бір себебі — біздің елімізде жауапты мекемені сотқа дейін апару практикасы дамымағандықтан салалық сапаны тексеретін мамандар мен адвокаттар жоқтың қасы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік мәліметтеріне сүйенсек, 2023-2024 жылдары мемлекеттік органдарға жол сапасының төмендігіне қатысты 20 мыңнан астам шағым түскен.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Санжар Боқаев бұлтартпау шарасымен екі айға қамалды
- Мүлкін иемденгісі келген: Павлодарда әйелін әдейі суға батырып өлтірген ер адам сотталды
- 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді
- Алматыда заңгер Әділетхан Молдаханның ұсталғанын полиция растады
- Израильде өлім жазасы неге бәріне бірдей жүрмейді? Заңға шолу және халықаралық реакция
- Израильде терроризм үшін сотталғандарға өлім жазасын кесетін заң қабылданды
- Сапасыз жолдан көлігіңіз сынса — «ҚазАвтоЖол» ақы төлейді
- Алматыда заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды
- Тоқаев ұлттық қауіпсіздік стратегиясы жобасын мақұлдады
- Трамп: АҚШ Ирандағы әскери операцияларды тоқтату мәселесін талқылап жатыр
- Жеңіл пайда: TikTok-та халықты алдап 20 млн табыс тапқан адам ұсталды
- Ұлттық, діни және әлеуметтік алауыздық. Бас прокуратура үндеу жасады
- Енді Қазақстан сарбаздары швед үстелінен тамақтанады
- Ирандық спорт командаларына «дұшпан» елдерге баруға тыйым салынды
- Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші әйелі Әсел Исабаева Астанада фотосессия жасады
- Пәкістан мен Ауғанстан неге соғысып жатыр?
- Ормуз бұғазындағы қиындық: Жапония Қазақстан мен Әзербайжаннан мұнай импорттайды
- AIRAN жобасының жұмысы тоқтады
- «Екі жыл бойы қысым көрді»: Атыраудағы оқушы қызды пышақтауға мектептегі буллинг себеп болған
- Стамбұл әуежайында түрік актрисасы Ханде Эрчел ұсталды