Санжар Боқаев бұлтартпау шарасымен екі айға қамалды
Фото: Боқаевтың бейнежазбасының скриншоты
Алматыда наурыз айының ортасында ұсталған белсенді Санжар Боқаев екі айға қамауға алынғанын Қазақстанның Бас прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұлтартпау шарасы 19 наурыз күні таңдалған.
«Алматы қаласының тергеу сотының қаулысымен Бокаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды» деп жазылған хабарламада.
18 наурызда белсендінің қылмыстық іс аясында тергеу әрекеттері барысында ұсталғаны белгілі болды. Тергеу мәліметінше, Боқаев «ағаштарды заңсыз кесуді және ұрлау ұйымдастырып, қаржыландырған». Сондай-ақ ол аса ірі көлемде қаржы қаражатын алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке де ілінген.
Еске салсақ, былтыр маусым айында Қазақстандық блогер әрі қоғам белсендісі Санжар Боқаев іздеу базасынан табылғаны белгілі болды. Алматы әуежайында полиция қызметкерлері оны ұстамақ болған. Боқаевқа полиция қызметкерлері оның аты-жөні іздеу базасына енгізілгенін айтқан. Дегенмен сол күні блогерді полицейлер босатқан болатын.
Тақырыпқа қатысты ұсынамыз:
Жаңалықтар
- Жетісу облысында магнитудасы 5,4-ке тең жер сілкінісі болды
- Алматыда әр бесінші мопед тіркелген: Курьерлік қызметтер мотокөлікті көбейтіп жіберді
- Алматы облысында автобус пойызбен соқтығысты: зардап шеккендердің жағдайы қандай?
- Елімізде 400-ден аса жеке емшара кабинеті лицензиясыз қызмет көрсеткен
- Санжар Боқаев бұлтартпау шарасымен екі айға қамалды
- Мүлкін иемденгісі келген: Павлодарда әйелін әдейі суға батырып өлтірген ер адам сотталды
- 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді
- Алматыда заңгер Әділетхан Молдаханның ұсталғанын полиция растады
- Израильде өлім жазасы неге бәріне бірдей жүрмейді? Заңға шолу және халықаралық реакция
- Израильде терроризм үшін сотталғандарға өлім жазасын кесетін заң қабылданды
- Сапасыз жолдан көлігіңіз сынса — «ҚазАвтоЖол» ақы төлейді
- Алматыда заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды
- Тоқаев ұлттық қауіпсіздік стратегиясы жобасын мақұлдады
- Трамп: АҚШ Ирандағы әскери операцияларды тоқтату мәселесін талқылап жатыр
- Жеңіл пайда: TikTok-та халықты алдап 20 млн табыс тапқан адам ұсталды
- Ұлттық, діни және әлеуметтік алауыздық. Бас прокуратура үндеу жасады
- Енді Қазақстан сарбаздары швед үстелінен тамақтанады
- Ирандық спорт командаларына «дұшпан» елдерге баруға тыйым салынды
- Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші әйелі Әсел Исабаева Астанада фотосессия жасады
- Пәкістан мен Ауғанстан неге соғысып жатыр?