Самат Әбіштің ісі сотқа жіберіліп, аса құпия санатқа жатқызылды

cover

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке қатысты іс өте құпия болып есептеледі.

Бұл туралы CMN ресми сауалына жауап берген елордалық Сот әкімшілігі департаменті хабарлады.

«Іс сотқа өте құпия түрде берілді. Осыған байланысты ақпарат кейінірек қолжетімді болған кезде берілетін болады» делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Самат Әбішке «Ауыр зардаптарға әкеп соқтырған билікті және қызметтік өкілеттікті асыра сілтеп жіберді» деген айып тағылған.

Бұған дейін Қантар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деп айыпталған ҰҚК-ніңбесінші басқармасының бұрынғы басшысы Руслан Ысқақов Самат Әбіштің өзін және Арман Жұмагелдиевті (Дикий Арман деген атпен танымал) қылмыскер деп танығанын айтқан болатын.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар