Салтанат Нүкенова ісімен танымал болған адвокат Жанна Оразбақоваға қатысты іс қозғалды

cover Фото: Instagram / Жанна Оразбақова

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың азаматтық некедегі жары Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты істі жүргізген адвокат Жанна Оразбақоваға қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Алматы қаласы полициясы мәлімдеді, деп жазады Orda.kz.

«Тыйымға қарамастан, заңға қайшы түрде тергеу барысы жайлы ақпарат БАҚ және әлеуметтік желі арқылы жария етілді», - деді полиция департаменті өкілдері.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, іс тек адвокаттардың Нүкенованың өліміне қатысты емес, басқа да қылмыстық әрекеттерге, атап айтқанда, алаяқтық пен бопсалауға қатысты тергеу барысында болған заңсыз әрекеттерін қамтиды.

«Құқық қорғау органдарының міндетті талаптарына қарамастан, адвокаттар тарапынан процессуалдық іс-шараларды өткізуге кедергі келтірген жағдайлар анықталды. Бұл олардың қызметіне қатысты қосымша тексеру жүргізу қажеттігін көрсетеді» делінген полиция мәлімдемесінде.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар