Сағызша созылған дәрі-дәрмек жанжалы: миллиардтаған күдікті мемлекеттік сатып алуларға кім жауапты?!

cover Коллаж: Orda.kz

Елімізде дәрі-дәрмектерді сатып алуға қатысты жанжал тағы да өршіп тұр: Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік және жеке компаниялар аса ірі көлемде ақша ұрлады деген күдікке ілінді. Orda.kz деректері бойынша, тергеулер «СК-Фармацияға» және импорттық препараттарды отандық деп беретін және күмәнді мәмілелер жасайтын бірқатар басқа да құрылымдарға қатысты. Билік сотқа дейінгі тексерулерді растайды, бірақ егжей-тегжейі құпия қалып, жауырды жаба тоқып жүрміз.

Биылғы тамыз айында редакция «отандық» кәсіптің жағдайына қатысты зерттеу материалын дайындады. Әңгіме құрылтайшылары офшорлық компания болатын ЖШС туралы. Бірнеше жыл бойы ол «СК-Фармация» глюкометрлері мен тест-жолақтарын сатқан. Кейіннен «Фармактив» ЖШС (глюкометрлер мен тест-жолақ өндіруші) медициналық қамтамасыз ету шеңберінде диабетпен ауыратындарды тауарлармен қамтамасыз етті.

 Глюкометрлерді пайдаланушылар мен ҰҚК қазақстандық өндірістің дұрыстығына күмән келтірді. Сонымен «Фармактив» ЖШС қатысты екі бап бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Дәрілік зат шын мәнінде мемлекеттік және оны сатып алуға болады деген қорытындыны ДЗСҰО (Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығы) береді. Мұндай деңгейдегі жалған сатып алу мен ДЗСҰО жіберген басқа да қателер редакцияны Қаржы мониторингі агенттігіне сұрау салуға итермеледі. Біздің білгіміз келгені: ДЗСҰО немесе «СК-Фармация» тексеріле ме?

 Қыркүйек айында біздің сұрауымызға төмендегідей жауап келді:

 «Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарында бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізеді. Қалған сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайтынын хабарлаймыз». 


Сонымен, Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдары аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке тап болғаны белгілі болды. Дегенмен одан кейін еш ақпарат берілмеді.

 Сондықтан үкіметпен өткен брифинг кезінде Orda.kz тілшісі іс қай ұйымдарға қатысты, қаражат пен қандай айла туралы сөз болып жатқанын анықтауға тырысты.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова оны былай түсіндірмекші болды:

«Материалдар мерзімді түрде тергеу органдарына беріледі. Қаржы қаражатына байланысты тіркеу немесе басқа да бұзушылықтар саны нормадан асып кеткен жағдайда, олар құқық қорғау органдарына жіберіледі. Қазір фактілер мен саны бойынша мені медициналық сақтандыру қорының төрағасы толықтырады». 


Медициналық сақтандыру қорының төрағасы Айдын Құлсейітов те түсіндіріп көрмекші болды:

 

«Біздің ережеге сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігінің № 322 бұйрығына сәйкес, егер бір айдың ішінде 200 АЕК (786,4 мың теңге) артық тіркеуді ұйымдастыруға қатыстылық анықталса, бұл материалдар құқық қорғау органдарына беріледі. Шілде айында ғана осындай 47 ұйым анықталды. Қазір бұл материалдар экономикалық тергеу департаментіне тиісті іс-әрекет жүргізу үшін жіберілді. Тамыз айының қорытындысы әлі шықпады».


Біз «бұл тек жеке құрылымдар туралы ма», деп нақтыладық.  Құлсейітов 47 кеңсенің құрамына мемлекеттік ұйымдар да кіреді деп жауап берді.


 «СК-Фармацияда жекелеген препараттарды сатып алуға қатысты қызмет бойынша тергеу жүргізілуде. Басқа да бірнеше факторларға қатысты сотқа дейінгі тексерістер жүргізілуде, бірақ істің жай-күйі бойынша ақпаратты біз білмейміз, өйткені бұл тергеу құпиясы», - дейді Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Ардақ Амангелді.


Редакция осы жағдайдың қалай өрбитінін қадағалауды жалғастырады және көбірек егжей-тегжейлі нақтылау және өндірістен қандай дәрі-дәрмектерді алып тастағанын немесе енді сатып алмайтынын білу үшін уәкілетті органдарға жаңа сұрау жолдады.

 Дегенмен «СК-Фармацияға» қатысты жанжал жиі болып тұрады. 2025 жылдың шілдесінде компания Бас прокуратураға берген мәлімдемелерінен кейін басшысын ауыстырды. Осыдан бір жыл бұрын Антикор кем дегенде сегіз қазақстандық компания тек отандық өнімді жеткізіп отырғандай көрсетіп, ал шын мәнінде қолғап, ине және басқа да шығынды шетелден әкелгенін анықтаған болатын.

Маусым айының соңында  мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Бас прокуратураға осы жайға қатысты өтініш тапсыратынын мәлімдеді. Сонымен қатар, Базарбек бесінші сессияға дейін бақылаушы органмен тығыз жұмыс істеп, барлық процесті жеке өзі бақылауда ұстайтынын да айтты.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар