Садыр Жапаров қазақтар мен қырғыздарды арандатушылыққа жол бермеуге шақырды
Фото: gov.kz
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қазақтар мен қырғыздарды халықтар арасындағы араздықты қоздыруға бағытталған арандатушылыққа берілмеуге шақырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Садыр Жапаров қырғызстандықтарды тыныштық сақтауға және қырғыз-қазақ қарым-қатынасын сынамауға шақырды. Президенттің бұл үндеуді жолдауына Кенесары хан мен оның қырғыз жерлеріне жорығы туралы айтылған YouTube-тегі екі сағаттық бейне себеп болған.
Президент бұл тарихи оқиғаны алауыздық тудырғысы келетін адамдардың жиі қолданатынын атап өтті. Ол Кенесары ханның өлімі араздыққа себеп болмауы керектігін айтты. Жапаров қазақтар мен қырғыздар ғасырлар бойы қатар өмір сүріп келе жатқанын, бір-бірін қолдап, тығыз туыстық байланыста болғанын атап өтті.
Президент өзінің арғы атасы Солтонқұлдың әйелі қазақ болғанын мысал ретінде келтірді. Президент «қазақ халқының жиені» екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, екі ел арасында мұндай байланыстар өте көп.
Еске сала кетейік, қырғыз әншісі Қайрат Примбердиев «Airan» YouTube-арнасына берген сұхбатында Кенесары ханның басын алу оқиғасын қозғап, осы жағдай үшін қазақ халқынан өз атынан кешірім сұраған.
Осы сөздерден кейін Примбердиевтің айтуы бойынша, оның айтқан сөздеріне қатысты әлеуметтік желілерде түрлі пікірлер пайда болған. Бірқатар қолданушылар әншінің бұл тақырыпты көтергенін орынсыз деп есептеді. Осыдан кейін Қайрат өзінің Instagram парақшасында бейнежазба жариялап, жағдайды түсіндіруге мәжбүр болды.
Кейін Қырғыз Республикасының Мәдениет министрінің орынбасар Марат Тағаев әншіні сынға алды. Ол «мұндай құбылыс пен көршілес елдерден келген пропаганда жастар мен мәдениет қайраткерлеріне әсер етеді» деп мәлімдеді. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол «нәсілдік, этникалық, ұлттық, діни және аймақаралық араздық қоздыру» бабымен кінәлі деп танылып, айыппұл арқалаған еді.
Жаңалықтар
- Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
- Курьер сезіктенген: Алматыда шетелдік азамат күмәнді сәлемдеме тапсырыс бергені үшін ұсталды
- Атырауда 21 жастағы жігіт бірнеше сағат бойы қызды азаптап, оны әлеуметтік желіге жариялаған
- Скляр мен Такиев ERG директорлар кеңесіне кірді
- Екі баланың көзінше аналарын өлтірген адам «есі дұрыс емес» деп танылып, жазадан құтылып кетпек
- Алаяқтық жасап, пара беруге арандатқан: Павлодарда адвокат сотталды
- Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді
- Атырауда Наурыз бен Мейрамгүлдің жаназасы шықты: Қайын жұртын қырып салған күйеу бала
- Иранда су жаңа жоғарғы жетекші жараланды ма? Президенттің ұлы жауап берді
- Түркістан тұрғыны: «Мені 37 күнге психиатриялық ауруханаға заңсыз қамады»
- Таяу Шығыстан 9517 қазақстандық елге қайтты
- Жас жұбайлар WhatsApp желісі арқылы 100-ден асам адамды алдап келген
- Қостанай облысында интернет-алаяқтарға SIM-карталарын қосып беріп отырған тұрғын ұсталды
- Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
- Жетісу облысында құтқарушы қызмет барысында қаза тапты
- Жемқорлықпен күресте туған бауырымды да аямаймын – Жапаров
- Алматыда суррогат ана қытайлықтардан 7,5 млн теңгесін ала алмай жүр: Екі ортада сәби тастанды атанды
- «Балаларымды көрмегеніме бір ай болды». Шымкенттік келіншек кәсіпкерден балаларын ала алмай жүр
- Кәсіпкер Нұрлан Смағұлов пен Айдын Рахымбаев әлемдік миллиардерлер тізіміне енді
- Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағынан айырылды