Сәкен Бибосынов Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты

Токиодағы олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғап шыққан Сәкен Бибосынов жартылай финалға өтті.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Ол енді кемінде қола жүлдеге дәмелене алады.
3 тамыз 52 килограм салмақта сынға түсіп жатқан Бибосынов испан боксшысы Габриэль Эскобарды 3-2 есебімен жеңді.
Енді 5 тамызда жартылай финалда Бибосынов Ұлыбритания боксшысы Галал Яфаймен жұдырықтасады.
Жартылай финалға өткен боксшы Карло Паалам (Филиппин)-Рёмэи Танака (Жапония) жұбының жеңімпазымен алтын медалға таласады.
Еске салсақ, жартылай финалға Бибосыновпен бірге Қамшыбек Қоңқабаев та шыққан.
Сондай-ақ, бүгін ширек финалда Зәкір Сафиуллин (63кг) өнер көрсетеді.
Қазақстан атынан шыққан басқа боксшылар еш жүлдесіз қалды.
Айта кетсек, Қазақстан құрамасынан Токиода дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон және Зүлфия Чиншанло қола медаль алған.
Қазір Қазақстан үш қола медальмен командалық есепте 71-орында тұр.
Жаңалықтар
- Ресейде тағы бір қазақстандықты «мемлекетке опасыздық жасады» деп 17 жылға соттады
- Алматы облысында 10 жастағы баланы иттен құтқарып қалған тұрғын марапатталды
- Назарбаев дәуірінің ізі: ҚТЖ-ның жаңа басшысы Талғат Алдыбергенов туралы не белгілі?
- Жамбыл облысының тұрғыны көмекке келген фельдшердің кеудесіне оқ атты
- Маңғыстаудағы кен орнында бұрғылау мұнарасы құлады
- 13 мүрде шыққан Almaty Hostel-ге қатысты үкім: Неге көп сұрақтар жауапсыз қалды?
- Қажылыққа жинаған ақшасын мұқтаж жандарға үлестірген 94 жастағы ақсақалға Меккеге жолдама сыйланды
- Шенеуніктің шымбайына батқан сын: Ұлытау облысының әкімі көпбалалы анадан 495 мың өндіріп алды
- «Орданы» аждаха жұтпақ: Гүлнәр Бажкенова тәуелсіз басылымды қалай тартып алғалы жатқандарын айтып берді
- «Екінші мәрте»: Оңтүстік Кореяның экс-президенті қайтадан қамауға алынды
- Астанада Үкімет үйіне өрт қойған 24 жастағы ер адам ұсталды
- «Мен күйеуімді жақсы көремін»: Qurt-тың жұбайы зорлық туралы шағымын қайтарып алды
- Тоқаев Трамптың баж салығына қатысты хатына жауап қайтарды
- Перизат Қайраттың тергеу изоляторында соққыға жығылғаны жалған болып шықты
- Джулли Стаффт АҚШ елшісі болуы мүмкін
- БҰҰ Гүлнәр Кәрімованың қамауға алынуын заңсыз деп тапты
- «Сүйіктісін өлтіріп, мәйітін қорлаған»: Шымкентте 19 жастағы жігітке үкім шықты
- «Ауруханаға түсті»: Ақтөбеде 9 жыл әкім болған азамат өзіне қол жұмсамақ болды
- «Бектеновтің сынынан нәтиже жоқ»: Ақтөбе облысы Жұрын ауылындағы жаңа асфальт үгітіліп жатыр
- Ұлттық қорғаныс университетінің полковнигі әйел зорлады деп күдікке ілінді