Рудный қаласының бас прокуроры ұсталды
Фото: Рудный әкімдігі
Рудный қаласының бас прокуроры ұсталды. Бас прокуратураның мәліметінше, операция 28 қыркүйекте Қостанай облысы прокуратурасы мен ҰҚК департаменті бірлесіп жүргізген, деп хабарлайды Orda.kz.
Ведомствоның баспасөз қызметі қылмыстық жауапкершілікке тартылатын әрекетке қатысы бар деген күдікпен ұсталғанын мәлімдеді. Өзге жайттар жария етілмеді.
Ашық дереккөздерге қарағанда, ұсталған – Мұрат Успанов. Мұрат Теміртасұлы Ұспанов 1978 жылдың 16 желтоқсанында Торғай облысының Октябрь ауданына қарасты Вильямс ауылында дүниеге келген. 2004 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін тәмамдады.
Прокуратура органдарында 2005 жылдан бері қызмет атқарып келеді, жалпы еңбек өтілі – 20 жыл. Әр жылдары Наурызым ауданы прокуратурасында, Рудный қаласы мен Қостанай облысы прокуратурасында түрлі лауазымдарды атқарған.
2015–2016 жылдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында еңбек етті.
Кейін Лисаков қаласы прокурорының орынбасары, Амангелді ауданының прокуроры, 2019 жылдан бастап Арқалық қаласының прокуроры болды. 2024 жылдың 6 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Бас прокурорының бұйрығымен Рудный қаласының прокуроры болып тағайындалды.
Ол сыбайлас жемқорлыққа, яғни, пара алу дерегіне байланысты ұсталған болуы мүмкін.
Жаңалықтар
- Санитарлық дәрігердің қаулысы: Астанада тұмау белгілері бар балалар мен ұстаздар сабаққа жіберілмейді
- Ақтаудағы аялдамалардың бірінен ер адамның мәйіті табылды
- Алдағы аптада Алматыда минус 21 градус суық болады
- АҚШ Қарулы Күштері Латын Америкасындағы есірткі картельдеріне әуе шабуылын бастайды
- Берік Уәли онлайн ойынның кейіпкері болады
- Орталық Азияға астық экспорты: Өзбекстанның қамбасы лық толды, Қазақстан жаңа шешім іздеуде
- Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты жол қозғалысы шектелді
- Гоада клубтан шыққан өрт 25 адамның өмірін жалмады
- Зеленский Уиткоффпен және Кушнермен Ресейдің жаңа шабуылының қаупі туралы телефон арқылы сөйлесті
- Қазақтың жас таеквондашысы Бейбарыс Қаблан әлем чемпионы атанды
- Түркістанда жұдырығы жуан шенеунік қызметінен айырылды
- Алматыда түнде болған алапат өрт сөндірілді
- Батырхан Төлеуғали жастар арасында таеквондодан әлем чемпионы атанды
- Жолдарда полиция бірнеше есе көбейді
- Лисаковскідегі бала зорлағыш өмірінің соңына дейін түрмеге тоғытылды
- Жағармай үшін өмірін жақты: Әскери бөлім қоймасының меңгерушісі тоғыз жылға сотталды
- Алматы облысындағы Нарынқол шекара бекетінде әскери қызметші мен баласы қаза тапты
- ТЖМ еліміздің оңтүстігіндегі жер сілкінісінен кейін нысандар мен ғимараттарды тексерді
- Бас прокуратура алаяқтардың жаңа «әдісі» туралы ескертті
- Алматы кәуапханаларында экологиялық және санитарлық бұзушылықтар анықталды