Ресейлік БАҚ: Әскер жасындағы ресейліктер Қазақстаннан депортациялануы мүмкін
Коллаж: migrate.com.ua
Ресейлік БАҚ-тар Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті уақытша тұруға берілетін жалған рұқсаттар туралы қылмыстық істі тергеп жатқаны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Orda.kz.
Көрші мемлекеттің журналистері бұл соғыс басталғалы Қазақстанға келген кейбір ресейліктердің депортациялануына әкелуі мүмкін деген алаңдаушылықтарын білдірген. Олардың айтуынша, іс бойынша куәгер ретінде әскер жасындағы ондаған Ресей азаматы өтуде.
Тергеу 2026 жылдың ақпан айының соңында басталған. Мәліметтерге қарағанда, тергеушілер бірнеше адамнан топтап жауап алуда.
Уақытша тұруға рұқсат шетел азаматтарына Қазақстанда бір жылға дейін болуға мүмкіндік береді. Оны алу үшін ресми жұмыс пен тұрғылықты жері бойынша тіркеу қажет.
Сондықтан ресейлік құқық қорғаушылар бұл тергеу ресейліктердің жаппай депортациясымен аяқталуы мүмкін деп болжайды.
Әзірге Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті тарапынан бұл туралы ресми мәлімдеме жасалған жоқ.
Оқи отырыңыз:
- Екі тәулік бойы шетелдік әуежайдың депортациялық камерасында отырған бала
- АҚШ-та миграциялық заңнаманы бұзды деген күдікпен қазақстандықтар ұсталды
- АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтар өз еркімен кетуі тиіс
Жаңалықтар
- Зеленский: Үшжақты келіссөздердің кезекті раунды келесі аптада өтуі мүмкін
- Ресейлік БАҚ: Әскер жасындағы ресейліктер Қазақстаннан депортациялануы мүмкін
- Уиткофф: Ресей Иранға барлау деректерін бермегенін мәлімдеді
- ҚР СІМ Таяу Шығыс елдеріне сапарламау туралы ескерту жасады
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды