Ресейдегі жаппай төбелеске қатысқан қазақстандықтардың жағдайы туралы СІМ мәлімдеді
Фото: gov.kz
Ресейдегі құрылыс алаңында болған жаппай төбелеске қатысқан қазақстандықтардың жағдайы туралы СІМ мәлімдеді, ресми мәліметке қарағанда ауыр жарақат алған адам жоқ, деп хабарлайды Orda.kz.
Ресейдің Ленинград облысындағы Усть-Луга вахталық кентінде болған төбелеске қатысқан қазақстандықтар ауыр жарақат алмаған және ауруханаға жатқызуды қажет етпейді. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді.
Еске салсақ, «Велестрой» компаниясының нысанындағы вахталық кент жұмысшылары арасында жаппай төбелес 26 наурыз күні болған. ҚР СІМ бұл жанжалға қазақстандықтардың да қатысқанын растады. Алайда оқиғаның тұрмыстық сипатта болғанын нақтылады. Ресейдің құқық қорғау органдары қақтығысқа қатысушыларды дереу ұстаған. Дегенмен, ұсталғандардың арасында қазақстандықтардың бар-жоғы әзірге нақтыланбаған.
«Қазіргі уақытта тергеу шаралары жалғасуда. Бар ақпарат бойынша, Қазақстан азаматтарының арасында ауыр жарақат алған немесе ауруханаға жатқызуды қажет ететіндер жоқ. Оқиға орнындағы жағдай тұрақты және құзырлы қызметтердің бақылауында. Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының қызметкерлері Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыста», — деді ҚР СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаев.
СІМ өкілі сондай-ақ ҚР Бас консулы оқиға орнына барып, Қазақстан азаматтарына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсету және барлық мән-жайды анықтау үшін жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Ресейдің Усть-Луга портында төбелеске қатысы жоқ қазақстандық жұмысшыларды да күшпен ұстап жатқандығы туралы ақпарат тарған болатын.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаны бақылауға алғанын жеткізді. Бас консулдық Ресейдің құзырлы органдары мен компания басшылығына ресми сауал жолдаған. Қазір дипломаттар зардап шеккендердің саны мен құқықтық мәртебесін анықтау үшін жергілікті полициямен тұрақты байланыста отыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- «Халық заңгері»: дипфейктер Қаржылық мониторинг агенттігіне де қол салды
- Түркістан облысында сталкинг бойынша алты іс сотқа жолданды
- Ресейдегі жаппай төбелеске қатысқан қазақстандықтардың жағдайы туралы СІМ мәлімдеді
- Ресейдің Усть-Луга портында төбелеске қатысы жоқ қазақстандық жұмысшыларды да күшпен ұстап жатыр
- Ақтөбеде мемлекетке 672 миллион теңге шығын келтірген екі депутат пен шенеунік сотталды
- Марко Рубио: Зеленскийдің АҚШ кепілдік үшін аумақ сұрады деген сөзі жалған
- Ақмола облысында әскерден жалтаруға «қажетті диагноз» қоятын қызметкер ұсталды
- Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсетпекші болған қылмыстық топ құрықталды
- Түркістан облысында жоғалған сегіз жасар бала төртінші күн табылар емес
- Қарағандыда әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікті өлі табылды
- Бишімбаев ісін қараған судья Сәния Әлімжанованың өлімі бойынша сот үкімін шығармай, тергеуді қайта бастады
- Өзен тасыды: Қазақстан Ресеймен шекарадағы өткізу бекетін уақытша жапты
- Алматыдағы резонанс: жол апатынан кейін қай шенділер қызметінен кетті?
- Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында қақтығыстар қайта басталды
- Ресейде төбелескен қазақстандықтар жазалана ма?
- Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылға сотталды: Жазаны өтеу кейінге қалды
- Тоқаев: альпинизм мен заманауи тау туризмі жан-жақты дәріптеледі
- Перизат Қайраттың түрмедегі жағдайы қалай?
- Перизат Қайраттың көлігі сатылымға шығарылды
- Түркістан облысында қорланды деген 6 жасар қыздың анасы әділдік іздейді