Ресей обыр дертіне қарсы алғашқы екпе дайын екенін мәлімдеді
Фото: Көрнекілік үшін
Ресей ғалымдары онкологиялық ауруларға қарсы екпе жасады. Препараттың қауіпсіздігі мен жоғары тиімділігі дәлелденген, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы «Известия» басылымына берген сұхбатында Ресейдің Федералды медико-биологиялық агенттігінің (ФМБА) басшысы Вероника Скворцова мәлімдеді.
Оның айтуынша, 2025 жылдың жазының соңында ФМБА бұл вакцинаны клиникалық қолдануға рұқсат алу үшін Денсаулық сақтау министрлігіне тиісті құжаттарды тапсырған.
«Клиникалық зерттеулер бұл вакцинаның ісік көлемін азайтып, оның өсуін 60–80 пайызға дейін баяулатуға қабілетті екенін көрсетті», – деді Скворцова.
Алғашқы кезеңде бұл препаратты тоқ ішек пен тік ішек қатерлі ісігін (колоректальды рак) емдеуге қолдану жоспарланған. Бұдан бөлек, глиобластома мен меланомаға қарсы вакциналар да әзірленіп жатыр.
Бұған дейін, 2025 жылғы 10 маусымда, Қазақстанның Ғылыми онкология және радиология зерттеу институтының басшысы Ербол Бекмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанда да обырға қарсы жаңа дәрі жасалып жатқанын айтқан болатын.
Биылғы наурыз айында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек обырға қарсы жаңа қазақстандық препараттың клиникалық сынақтары екінші кезеңге шыққанын және сынақтардың сәтті өтіп жатқанын мәлімдеді.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады