Путиннің досы ашқан компания «Лукойлдың» шетелдік активтерін сатып алмақ
Фото: Reuters
Gunvor компаниясы сатып алу туралы ұсынысты өз бетінше жасап, тараптар мәміленің негізгі шарттарын келісіп қойды, деп хабарлайды Orda.kz.
Мәміле компанияның шетелдік активтерін біріктіретін 100% LUKOIL International GmbH компаниясын сатып алуды көздейді. Олардың құнын «Ренессанс Капитал» сарапшылары санкциялық дисконттарды ескере отырып, 3-4 миллиард долларға бағалап отыр.
Компанияда міндеттейтін келісімшарт жасау үшін АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) рұқсаты қажет екенін айтты. Сондай-ақ, топтың активтері бар басқа елдерде келісу қажет болуы мүмкін. Бұл жағдайда «Лукойл» мен Gunvor барлық процедуралар аяқталғанға дейін лицензияны ұзартуды сұрап, америкалық реттеушіге жүгінбек.
Gunvor 1997 жылы құрылған және ұзақ уақыт бойы ресейлік мұнайдың ірі экспорттаушыларының бірі болып, әлемдік мұнай трейдерлерінің алғашқы үштігіне кірді. 2014 жылы Қырымды аннексиялағаннан кейін Тимченко санкциядан қорқып, өз үлесін серіктесіне сатқан. Алайда АҚШ Қаржы министрлігі Путиннің Gunvor-ға инвестиция құйып, оның қаржысына қол жеткізгенін мәлімдеген.
«Лукойл» — Ресейдің мұнай өндіру көлемі бойынша екінші ірі компаниясы. Ол Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Ирак, Мысыр, БАӘ, сондай-ақ Латын Америкасы мен Африка елдеріндегі кен орындарын игеру жобаларына қатысады.
Gunvor мен «Лукойл» — екеуі де посткеңестік кеңістіктегі аса ірі компаниялар.
Егер Gunvor «Лукойлдың» шетелдік активтерін сатып алса, ресейлік мұнай нарығының құрылымы өзгереді, бұл Қазақстандағы мұнай жобаларына да әсер етуі мүмкін. Өйткені «Лукойл» — Қазақстанның бірқатар кен орындарына тікелей серіктес болып отыр (Құмкөл, Теңіз, Қарашығанақ жобалары).
Айта кетейік, Алматыдағы «Жайлау» гольф-курортында жуырда елге танымал тұлғалар бас қосты. Ұлттық Audi Quattro Cup турнирі жай ғана спорттық дода емес, ескі достардың бас қосуына айналды. Көк майсада тек бизнес элитасы ғана емес, бұрынғы саясаткерлер де бой көрсетті. Қонақтар арасында Алматының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімов, ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Нұртай Әбіқаев және басқа да бұрынғы саясаткерлер бар.
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады