Құпиялық саясаты

«OrdaMedia.kz» ЖШС сайт қолданушыларының жеке деректерін қорғау саясаты

  1. «OrdaMedia.kz» ЖШС  (бұдан әрі мәтінде – Компания) Қолданушылардың жеке деректерінің құпиялығын сақтауға және олардың Компания сайтына кіргенінен жақсы әсер алуын қамтамасыз етуге ұмтылады.
  2. Жеке деректерді жинау, өңдеу, сақтау және беру Қазақстан Республикасының 21.05.2013 жылғы  «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» № 94-V Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
  3. Қазақстан Республикасының 21.05.2013 жылғы  «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» № 94-V Заңының 1-бабы, 10-тармақшасына сәйкес «OrdaMedia.kz» ЖШС   жеке деректер бар база операторына (бұдан әрі – оператор), яғни  жеке деректерді жинау, өңдеу және сақтауды жүргізетін заңды тұлғаға жатады.
  4. Біздің сайтты қолдана отырып, Қолданушы берілген саясатпен толықтай және сөзсіз келіседі және «OrdaMedia.kz» ЖШС сайтты қолдану кезінде берген жеке деректерін барлық сипатта пайдалануға, берілген құжаттағы шарттар негізінде пайдалануға, оның ішінде жинау, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), пайдалану, дерек иесін жасыру, бұғаттау, жоюға рұқсатын береді.
  5. Сондай-ақ бұл Қолданушының өз жеке деректерін берілген құжатта көрсетілген шарттар негізінде Компанияның электронды деректер базасына енгізу және тізімдеріне қосуына келісетінін білдіреді.
  6. Жоғарыда көрсетілген жеке деректерді өңдеуге келісім Қолданушы сайтты қолдану мерзімі ішінде жеке деректерді берген сәтінен бастап өз күшіне енеді.
  7. Жеке деректер – электронды, қағаз және (немесе) басқа да материалдық тасымалдаушыға салынған, белгілі бір немесе деректер негізінде анықталатын субъектіге тән жеке деректерге қатысты мәліметтер.
  8. Жеке деректерге тегі, аты, әкесінің аты, электронды почта мекенжайы, почта немесе басқа да мекенжай, жұмыс түрі және басқа да Қолданушымен жасалған шарт, мысалы, байқаулар, ұтыстар өткізу ережелері бойынша міндеттемелерді орындау, қызметтер көрсету үшін қажетті басқа да ақпарат жатуы мүмкін.
  9. Компанияға өз жеке деректерін бере отырып, Қолданушы форумда жазба жазуға және блогтарда пікірлер қалдыруға, біздің жаңалықтарымыздың таралымынан жазылуға, байқауларға және басқа да арнайы бағдарламаларға қатысуға, сайттың жабық бөлімдеріне кіру құқығына ие болады.
  10. Сайт әкімшілік сайт Қолданушысы берген жеке деректердің шынайылығын тексермейді.
  11. Компания Қолданушының жеке деректерін тек оларды жинау кезінде көрсетілетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында пайдаланады.
  12. Егер Қолданушының құқықтары мен еркіндіктері бұзылмаса, сондай-ақ басқа да жеке және (немесе) заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне нұқсан келмесе, жеке деректерді таратуға рұқсат етіледі.
  13. Жоғарыда айтылған мақсаттардың аясынан тыс жағдайларда жеке деректерді тарату субъект немесе оның заңды өкілінің келісімімен жүзеге асырылады.
  14. Компания Қолданушының жеке деректерін келесідей мақсаттарда қолдана алады:
    • Қолданушыға сайтты қолдану кезінде техникалық қолдау көрсету.
    • Ақпарат беру немесе қызмет көрсету мақсатында Қолданушымен кері байланыс орнату.
    • Қолданушыға өзінің келісімімен арнайы ұсыныстар, жаңалықтар, жарнамалар таралымын және басқа да деректерді сайт немесе оның серіктестерінің атынан жіберу.
    • Сайтта байқаулар, ұтыстар және басқа да жарнамалық акциялар өткізу.
    • Сайттағы қолдау қызметінің сұраныстарына жауап беру үшін.
    • Шарттар бойынша міндеттемелерді орындау үшін.
  1. Компания Қолданушының жеке деректерін «OrdaMedia.kz» ЖШС   үлестес немесе  «OrdaMedia.kz» ЖШС   бір топқа кіретін тұлғаларға өңдеу және сақтауға беруге құқылы.
  2. Компания Қолданушылардың жеке ақпараттарын жойылудан, бұрмаланудан немесе жария болудан қорғауға қажетті барлық шараларды қолға алуға міндетті, бірақ бұл «OrdaMedia.kz» ЖШС   бақылауынан тыс жерде берілетін деректердің қауіпсіздігіне кепілдік бермейді.
  3. Қолданушының жеке деректері Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген негіздерде және тәртіпте ғана Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарына берілуі мүмкін.
  4. Компания Қолданушы туралы жеке ақпаратты үшінші тұлғаларға келесідей жағдайларда бере алады, егер:
    • Қолданушы өзі бұл ақпаратты жария етуге ниет білдірсе.
    • Онсыз Қолданушы қандай да бір өнімді немесе қызметті пайдалана алмайтын болса.
    • Қазақстан немесе халықаралық заңнама және/немесе билік органдары бекітілген заң процедураларын сақтай отырып, осы әрекетті талап етсе.
    • ·                    Қолданушы сайтты пайдалану Ережелерін бұзса.
  1. Сайтты қолдана отырып, Қолданушы үшінші тарап беретін ақпараттық немесе функционалдық ресурстар бар басқа сайттарға  бағытталуы мүмкін. Мұндай жағдайда Компания мұндай сайттардың мазмұны мен сол сайттарда жеке деректердің қорғалауына жауапты емес.
  2. Компания сайтқа кіру кезінде қорғалған браузерді қолдануға кеңес береді.
  3. Компания жеке деректерді Қазақстан Республикасы аумағында сақтайды. Егер басқа да жағдайлар Қазақстан Республикасы заңнамасында көрсетілмесе, жеке деректерді сақтау мерзімі оларды жинау және өңдеу мақсаттарына жету күнімен анықталады.
  4. Компания 18 жасқа толмаған тұлғалар туралы жеке деректерді жинамайды.
  5. Өзінің жеке деректерін беретін сайт қолданушысы берілген құжаттың қағидаларына келісім береді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар