Полиция Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлы зардап шеккен жол апатына қатысты видеоны жариялады

cover Фото: Бейнежазбадан кадр

Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлының қатысумен болған жол апатына байланысты полиция оқиға орнынан түсірілген бейнежазбаны жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.

2025 жылғы 27 шілдеде сағат 08:50 шамасында «Алматы – Екатеринбург» автожолының 299-шақырымында жол-көлік оқиғасы тіркелген.

«Toyota Land Cruiser 200» маркалы автокөліктің жүргізушісі Қарағанды облысы бағытынан Алматы қаласына қарай келе жатып, көлік тізгініне ие бола алмай, салдарынан көлік аударылып кеткен. Апат салдарынан екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі — «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол апатының нақты себептерін анықтау үшін барлық қажетті шараларды жүргізіп жатыр. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды», — деді Жамбыл облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Құндыз Бөгенбаева.

Еске салайық, Шавкат Рахмоновтың жұбайы зардап шеккен жол апаты 27 шілдеде Алматы-Екатеринбург тасжолында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, көлікті спортшының әйелі басқарған. Оқиға кезінде екі жолаушы қаза тапты. Рахмоновтың жұбайы мен ұлы Шу қалалық ауруханасына жеткізілген болатын.

Сонымен қатар, Шавкат Рахмоновтың жұбайы қолхат жазып, ұлымен бірге өз еркімен ауруханадан шыққаны хабарланды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар