Полиция қызметкеріне қол көтергендер қатаң жазаланады

cover Фото: Polisia.kz

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына қарсы әрекет ету, әсіресе оларға күш қолдану қоғамдық құрылыстың негіздерін бұзады және ең қатаң жауапкершілікке әкеледі. Бұл туралы Бас прокуратура ескертті, деп хабарлайды Orda.kz.      

Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — мемлекеттің басым міндеттерінің бірі. Бұл міндетті заңды қатаң сақтау мен билік өкілдеріне құрмет көрсетусіз орындау мүмкін емес екенін Бас прокуратура қадам айтты.

Атырау облысында бір топ азамат қоғамдық орында спирттік ішімдік ішіп, төбелес шығарған. Құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында оқиға орнына полиция қызметкері келген. Алайда құқық бұзушылар билік өкілінің заңды талаптарына бағынудың орнына оған күш қолданған. Олар ағаш зат пен тас арқылы полиция қызметкеріне соққы жасап, ауыр жарақат келтіріп, қызметкердің көзін жаралап, жағын сындырған.

Сот қылмыскерлерге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындаған.

Алайда Бас прокуратура бұл жазаны жасалған қылмыстың ауырлығына сәйкес келмейді деп таныды. Кассациялық наразылық енгізіліп, іс қайта қаралып, сотталғандарға тағайындалған жаза нақты бас бостандығынан айыру жазасына өзгертілді.

Аталған жағдай қызметтік міндетін атқарып жүрген мамандардың өмірі мен денсаулығына қол сұққандарға жаза міндетті түрде қатаң жаза  қолданылатынын дәлелдейді.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар